Телеарналардағы мемлекеттік тіл және оның саяси-қоғамдық маңызы (сараптама)

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан қоғамында болып жатқан қарқынды өзгерістерді халыққа жеткізу мен нарықтық қарым-қатынастарды дамыту, мемлекеттің оң саясатын насихаттау – ұлттық, мемлекеттік және жекеменшік телеарналар арқылы жүзеге асты. Халық пен биліктің саяси қарым-қатынас жүйесіндегі телеарналардың рөлі сонау ХХ ғасырдың ортасынан бастап ғылыми маңызға ие бола бастағаны белгілі. Осынау уақыт аралығында телеарналардың мазмұны, пішіні, техникасы, форматы т.б. өзгеріп жетіле түсті. Телеарналар саяси құрылымдар мен күштердің бір бөлшегіне айналып үлгергені де мәлім. Телеарналардың басты міндеті қоғамдағы болып жатқан қуанышты және келеңсіз жағдайларды әділ және жан-жақты қамти отырып ақпарат тарату, сайлау науқаны кезінде кандидаттар мен сайлаушылардың арасындағы шынайы байланысты көрсету, партиялар мен ұлттық қозғалыстар туралы ең толық және объективті ақпарат тарату болып саналады. Сонымен қатар, соңғы 10 жылдықта саяси трансформацияның орын алуы еліміздің саяси өмірінде телеарналардың сапасы арта түскенін байқаймыз. Дегенмен, еліміздегі 40-қа жуық телеарналардың әлі де болса мемлекеттік тілде хабар таратып, бағдарламалар беруінің сапасы сын көтермейді (жалғасы мұнда: mtdi.kz).
