Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Оралдағы жаңа спорттық маусым

Спорт – бұл қозғалыс, ал қозғалыс дені сау ұрпақты қалыптастырушы негізгі фактор. Осы орайда адамзаттың өмірінде спорттың алатын орны ерекше екені баршамызға мәлім. Бүгінгі таңда әлем елдері спортқа көп көңіл бөлуде осы орайда «Жас Отан» ЖҚ «Саламатты ұрпақ» жобасы аясында жыл сайын спорттың әр түрінен турнирлер өткізуде. Мысалы өткен жылы «Жас Отан» ЖҚ БҚОФ-ң ұйымдастыруымен тек Орал қаласының өзінде 48 спорттық іс шара өткізіліп оған облыс жастарының 1000 нан астам өкілі қатыстырылды. Осы турнирлердің аясында жұмысшы жастар үшін арнайы спорттық секция ашылып жұмысшы жастарға тегін жаттығу жасауға жағдай жасалды.

Оралдағы жаңа спорттық маусым М.Өтемісов атындағы БҚМУ Спорт кешенінде өткен шағын футболдан жолдастық турнирмен ашылды. Аталмыш турнирге жұмысшы жастардан құралған 4 команда қатысып нәтижесінде «Жас Отан» командасы бірінші орынды жеңіп алса екінші орын «Отборная сборная» командасының еншісінде ал турнирдегі үздік үштікті «Қазақстан-Орал» командасы қорытындылады.

 
12
0
450

Осы тақырып бойынша

Оралдағы жаңа спорттық маусым - Yvision.kz