Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті медициналық қызмет көрсету саласындағы проблемалы мәселелер жөнінде дөңгелек үстел ұйымдастырылды
Қызылорда облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті проблемаларды жан-жақты зерделеу, анықтау және ұсынымдар әзірлеу мақсатында «Медициналық қызмет көрсетуд саласындағы проблемалы мәселелер» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Дөңгелек үстел отырысында облыстың кәсіпкерлер палатасының, облыстық денсаулық сақтау басқармасының, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің және Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің, қалалық емханалардың, медициналық жедел жәрдем станцияларының, Ұызылорда темір жол ауруханасының, жеке меншік клиникалардың, тұтынушылардың құқықтарын қорғау қоғамының өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстел барысында медициналық қызметтің төмен сапасы, дәрілік препараттар құнының жоғары болуы, өызмет көрсетуде тұтынушылар құқықтарының бұзылуы және басқа да мәселелер талқыланды Дөңгелек үстелдің қорытындысы бойынша медициналық көмек көрсету саласындағы проблемаларды шешу жөнінде ұсынымдар әзірленді.
