Жоғары оқу орнының студенттері заңнамаға енгізілген жаңа өзгерістермен танысты
Петропавл қалалық сотында «Ашық есік күні» өткізілді, оған болашақ заңгерлер - М.Қозыбаев атындағы СҚМУ студенттері қатысты. Жоғары оқу орны студенттерімен өткізілген негізгі сұхбат заңнама жаңашылдығы, сонымен қатар судья кәсібінің ерекшеліктері төңірегінде болды.Кездесу кезінде студенттер сотқа ҚР ҚК-тің 259-бабының 1-1 бөлігі бойынша сотталушы А.-ға қатысты судья М.М. Гусевтің төрағалығымен қаралып жатқан қылмыстық іс бойынша сот процесіне қатысты.
Сот процесі кезінде студенттер соттың іс жүргізу тәртібімен танысып, содан кейін өздерін қызықтыратын сұрақтарды судьяларға қойды. Оларды, көбінесе, судья кәсібінің ерекшеліктеріне байланысты сұрақтар қызықтырды.
«Төрелік ету – азамат үшін үлкен міндет, кемел шегі, оған әр заңгер ұмтылуға тиіс», - деп судья Михаил Гусев түсіндірді және өзі алғаш рет шығарған айыптау үкімі туралы айтып берді.
Судья Айдархан Жанақов жаңа қылмыстық және қылмыстық-іс жүргізу заңнамалары заңды күшіне енгізілгендіктен қылмыстық құқық саласында түбегейлі өзгерістер орын алғандығын қатысушыларға айтып берді. Қолданыстағы қылмыстық-іс жүргізу заңнамасының 55-бабына сәйкес тергеу судьясының инновациялық институты қарастырылған, ол қылмыстық іс бойынша сот талқылауына дейінгі, яғни басты сот талқылауына дейінгі белгілі бір тергеу әрекеттерін санкциялау мәселелерін, атап айтқанда күзетпен ұстауды санкциялау; 2) үйқамақты санкциялау; 3) лауазымынан уақытша шеттетуді санкциялау; 4) жақындауға тыйым салуды санкциялау және т.б. қарайды.
Кездесу соңында судьялар оқуға және қызмет таңдау мәселесіне үлкен жауапкершілікпен қарау керектігін студенттерге ескертті, өйткені заңгер қызметі адамгершілік қасиетті талап етеді.
