Мазмұнға өту

Жаңа

Пхукеттегі жоғары сапалы 7 үздік мейманхана

Пхукеттегі жоғары сапалы 7 үздік мейманхана 1. The Racha 5* Мейманхана Пхукеттен 30 минуттік қашықтықта, Racha (рача) аралында орналасқан. Бұл жердегі жағалаудағы мөлдір таза су әр адамның көңілінен шығады. Мейманханаға тек шапшаң қайықпен жетуге болады. Мейманхана құрлықтан бөлек аралда болғандықтан қонақтар жұрттан бойды аулақ ұстауға мүмкіндігі бар. Экологиялық бағытта жасалған виллалар минималисттік стильде жасалған. 2. Banyan Tree Phuket 5* Мейманхана Банг Тао жағалауында орналасқан. Бұл мейманхана, дүние жүзілік жоғары сапалы мейманханалар рейтингінде 8 орынға ие. Банг Тао жағалауы Пхукет аралының Андаманд теңізінің алтын құмды жағажайы бар нағыз жер жаннаты десек, артық емес. Бұл мейманхана жайлы виллалар мен барынша қонақжайлылықты ұсынады. Кейбір виллалар жеке бассейн, джакузимен…

0
0
1705

Астаналық 50 зейнеткер шаңғы жарысына қатысты

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаңғы сайысына 50 астам астаналық ардагер мен зейнеткер қатысты. Жыл сайынғы жарысқа қатысушылар биыл да спорттық құлшыныстарын көрсетіп, салауатты өмір салтын насихаттауға өз үлестерін қосты. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлады. «Бес жыл көлемінде өткізіліп келе жатқан бұл жарыс жақсы дәстүрге айналды. Бүгінгі сайыстың басты мақсаты - ардагерлер мен зейнеткерлердің денсаулығына көңіл бөлу. Өзіміз үлгі көрсетіп, жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақырамыз», - деді қалалық Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Есболат Дүйсенов. Шаңғы жарысына Астананың үш ауданының ардагерлері қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасындағы сайыста Людмила Старых көш бастады. Ал ерлер арасында бірінші орынды Леонид Антонов п…

0
0
341

Предпринимателю из Туркестана оказали помощь в рамках программы «Даму-Көмек»

3 февраля сотрудники ЦОП Туркестана вручили предпринимательнице с ограниченными возможностями швейную машинку и оверлок. Спонсорскую помощь в рамках программы «Даму-Көмек» Алтынкуль Кадыбаевой оказал предприниматель Таубай Шабидинов. Алтынкуль тепло благодарила своего соотечественника и сотрудников Фонда «Даму» за организованную помощь: «Я благодарна за помощь спонсору и Фонду «Даму», который помог с поиском спонсора, всем сотрудникам ЦОПа - за внимание и поддержку, оказанную в такой короткий срок. Я обратилась 28 января этого года и не рассчитывала на быстрый результат, а через пять дней мне уже вручают новую швейную машинку и оверлок». 

Если вы тоже мечтаете открыть свое дело и вам нужна помощь, подавайте заявку на участие в программе «Даму-Көмек».

http://www.damu.kz/17762


0
0
405

«Адай» Құрманғазының күйі ме?

«Адай» күйінің шығу тарихының бірнеше нұсқасы бар. Бірде Құрманғазы Сағырбайұлы патша үкіметінен қашып жүріп, бір ауылға тап болады. Түскен үйінде ілулі тұрған домбыраны шертіп, қайта орнына қойыпты. Сәлден соң бір қыз бала келіп, домбырасын біреудің ұстағанына наразы бола отырып, күй тартады. Өзін танытпай тұрған Құрманғазы сол сәтте: «Шырағым, күйдің әсемін тарта ма десем, есерін тарттың ғой», - деп домбырасын сұрап алып, күйдің тарту үлгісін көрсетеді. Ақмаңдай есімді әлгі қыздың тартқан күйі «Адай», ал Құрманғазының орындағаны «Серпер» екен. Күй тарихының өзге де нұсқалары жайында не білеміз?

Бағдарлама көрсетілімінде Құрманғазы Сағырбайұлының әйгілі «Адай» күйінің орындалуы,  оның күй өнеріне әкелген қағыстары, жанрлары кеңінен түсіндіріледі.

0
0
11284

Мұхиттың «Ақиіс» әні кімге арналған?

Мұхит Мералыұлының көпшілік әндері арнау ретінде дүниеге келген. «Ақиіс» әні де солардың қатарында.

Мұхиттың ауылындағы дәурені жүріп тұрған Мұхтар байдың Қырмызы деген бәйбішесі болады. Ауыл-аймаққа жомарттығымен, кеңпейілділігімен қадірлі болған ол тұрмысы нашар отбасыларына қарайласып тұрған деседі. Бір күні Мұхтар бай екінші әйел алады. Әрине, күннен-күнге Мұхтар байдың назары жас әйеліне қарай ауа береді. Бұл бәйбішесінің мазасын алып, дегбірін қашырады. Міне, осы кезде жоқтықты басынан кешіп отырған Мұхиттың үй ішіне Қырмызы бәйбіше аздаған азық жәрдемін тыйып тастайды. Жас та болса, екінші әйелі Иіс шамасы келгенше әншінің қадірін біліп, қол ұшын беріп тұрыпты.

Кәсіби ұстаз, әнші Айгүл Қосанова шәкірттерге Мұхиттың жас тоқал Иіске арнаған «Ақиіс» әнін үйретеді.

 
0
0
1874

Азаматтардың бұзылған құқықтары мен мүдделерін қалпына келтіру мақсатында

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры 4 ақпанда кезекті рет азаматтарды жеке қабылдады. Арызданушылардың шағымдары сот актілерінің заңдылығына, сондай-ақ қылмыстық процестің сотқа дейінгі сатысындағы бұзушылықтарға қатысты болды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/azamattardyn-buzylgan-kukyktary-men-muddelerin-kalpyna-keltiru-maksatynda

0
0
354

Бас прокуратурадағы кездесу туралы

Бүгін Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаевтың Ұлыбританияның Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі доктор Кэролин Браунмен және Қылмыспен күрес бойынша Ұлыбритания Ұлттық агенттігінің Орталық Азиядағы Байланыс офицері және Аймақтық үйлестірушісі Фредерик Хеллонмен кездесуі болып өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokuraturadagy-kezdesu-turaly-astana-kalasy-2015-zh-5-akpan

0
0
261

«Еуразия» бірінші арнасы қазақтілді контентті молайтуда

9 ақпанда елдің ең рейтингілі телеарнасында қазақтілді көрерменге бағытталған ақпараттық-көңілашар арнасы өз жұмысын бастайды. Бұл Арнаның мемлекеттік тілдегі контентті толықтыру және дамыту жолындағы маңызды қадамы. Күн сайын 18.00-ден 21.00-ге дейін қазақстандықтар ең жаңа, пайдалы әрі қызықты ақпаратты алатын болады. Телекөрерменнің ыстық ықыласына бөленіп үлгерген Маралбек Сағынғанов пен Айгүл Әбілқали бір кеште үш рет тікелей эфирге шығып, ең талғампаз деген көрерменнің назарын аударта алатын жаңалықтармен таныстырады. Сонымен, 18.00-дегі бірінші шығарылымда жүргізушілер күн бойы саясат, экономика әлемінде болған басты оқиғаларды баяндайды. Ізінше қылмыстық жайттар туралы «112» бағдарламасын жіберу жоспарланып отыр. 19.25-тегі жаңалықтар әлеуметтік саланы қамтитын болады. Маралбек пе…

0
0
830