Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qaz

Пхукеттегі жоғары сапалы 7 үздік мейманхана

Пхукеттегі жоғары сапалы 7 үздік мейманхана

1. The Racha 5*

Мейманхана Пхукеттен 30 минуттік қашықтықта, Racha (рача) аралында орналасқан. Бұл жердегі жағалаудағы мөлдір таза су әр адамның көңілінен шығады. Мейманханаға тек шапшаң қайықпен жетуге болады. Мейманхана құрлықтан бөлек аралда болғандықтан қонақтар жұрттан бойды аулақ ұстауға мүмкіндігі бар. Экологиялық бағытта жасалған виллалар минималисттік стильде жасалған.


2. Banyan Tree Phuket 5*

Мейманхана Банг Тао жағалауында орналасқан. Бұл мейманхана, дүние жүзілік жоғары сапалы мейманханалар рейтингінде 8 орынға ие. Банг Тао жағалауы Пхукет аралының Андаманд теңізінің  алтын құмды жағажайы бар нағыз жер жаннаты десек, артық емес. Бұл мейманхана жайлы виллалар мен барынша қонақжайлылықты ұсынады. Кейбір виллалар жеке бассейн, джакузимен жабдықталған. Бұдан бөлек, Banyan Tree Phuket мейманханасында, Таиландтағы ең керемет те үздік спа салондарының бірі орналасқан.


3. Six Senses Yao Noi 5*

Пхукет маңында орналасқан Ко Яо Ной аралында орналасқан. Бұл сәнді де жоғары сапалы мейманханада 55 бөлек орналасқан виллалары бар. Әр вилла жеке бассейінмен, техникамен жабдықталған. Бұл виллалар табиғи материалдардан жасалған және әр вилладан шығанаққа көрінісі бар.



4. Trisara Phuket Resort 5*

Бұл мейманхана Найтони жағажайының маңында орналасқан. Пхукеттегі бірнеше үздік мейманханалар тізімінің 10дығына кірген. Әр виллада, Андаманд теңізіне көрінісі бар жеке бассейн орналасқан. Жайлы мейрамханасы бар бұл мейманхана, демалуға мінсіз мүмкіндік береді.


5. The Pavilions 5*

Банг Тао жағажайының жанындағы тропикалық көк бояу орманында орналасқан. Бұл жерден Андаманд теңізіне керемет көрініс ашылады. Виллалар тропикалық орман жасылына бөленіп тұр. Әр виллада бір қабырғаның орнына терезе орналасқан, осыған орай табиғатпен бірлесуді сезуге болады. Төсек жайма жібектен жасалған.


6. JW Marriot Resort and Spa 5

Мейманхана Май Кхао жағажайында орналасқан. Бұл мейманхана бөлмелерінде едендер ағаштан, төсек жайма жібектен жасалған, кең ванна мен, теңізге көрініс ашылады. Мейманханада айналы тоғандар мен қабырғалар мистикалық сезімге батырады.


7. Angasana Laguna Phuket 5*

Бұл мейманхана аппақ ұндай құмы бар Банг Тао жағажайында орналасқан. Мейманхана кокос пальмалары мен көкпен бөленген. Мейманханада Angsana SPA спа салоны орналасқан. Ал мейрамханада Пхукеттегі ең дәмді тағамдарды ұсынады.


0
0
1681

Осы тақырып бойынша