Мазмұнға өту

Жаңа

М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Жырласа, жастар жырласын!» атты облыстық студент-жастар айтысы өтті.

11 ақпан күні сағ.15.00 М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы, «Жас Отан» жастар қанатының филиалы, Батыс Қазақстан облысы жастар қауымдастығы ұйымдастыруымен «Жырласа, жастар жырласын!» атты облыстық студент-жастар айтысы өтті. Шараға Департаменттің консультанты Б.Хайруллин қатынасып, қазылар алқасында төрелік етті. Жас ақындар өздерінің тәлімгерлерімен айтысып, Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына өз жырларын арнады.

0
0
392

ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің БҚО бойынша Департаментінің құрылымдық бөлімшесінде іс-шара оздырылды.

Ағымдағы жылдың, 11-ші ақпанында сағат 15.00-де ҚР ІІМ ҚАЖ Комитетінің БҚО бойынша Департаментінің құрылымдық бөлімшесінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»-ның мақсаттары мен міндеттері және Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік Кодексіне енгізілген өзгерістерді түсіндіру жөнінде іс-шара оздырылды.
Департаменттің «Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы» басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш кіріспе сөзінде сыбайлас жемқорлық қазіргі таңда терроризм және экстремизм қылмысымен теңестірілгендігіне және ол қоғамға өте қауіпті дерт екендігіне тоқталды.
Шара барысында оқылған баяндамалар арнайы дайындалған слайдтармен сүйемелденді.

0
0
455

«Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау» бойынша семинар-кеңес өтті.

Ағымдығы жылдың, 11-ші ақпан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті «Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау» бойынша семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңеске облыстағы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметінің қызметкерлері мен басшылары қатынасты. Кеңесті департамент басшысының орынбасары Нұрлан Сүйінбаев ашты, Департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш және тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы Ж.Мұратов өз баяндамаларында «Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау», «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі туралы» және «Мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялардың жұмысын жетілд…

0
0
445

Қазіргі заман графика әлеміне қош келдіңіз!

«Астана» ұлттық сурет галереясында «Қазіргі заман графика және мүсін өнер» Галереясының тұсау кесері өтті. Тұсау кесерге  шашу ретінде, «Астана- опера» театрының валторн хоры  музыкалық көріністі  тарту етті. Сонымен қатар, қонақтар  жас суретші-портретшілердің жағымды тосын сыйына куә болды. Әрбір қонақ өзінің  экспресс-портретін салдырып, соңынан естелік ретінде алды.
0
0
426

Маңғыстаулық ЖасОтандықтар «Өз өзіңмен жұмыстан» тренингісінен өтті.

Ақтау қалалық «Нұр Отан» партиясының акт залында 05 ақпан күні Ақтаулық ЖасОтандықтармен психологиялық тренингтер өткізілді. Олардың негізгі тренингінің тақырыбы: «Өз өзіңмен жұмыстан» деп аталады. Яғни әр жас өзінің қоғамдық ортада, басқа да өмір тіршілігінде орынды сөйлеп, ұтымды пікір айта білу, ойлау қабілетін дамыту, өз өзінен есеп алу сияқты мақсат міндеттері бар. Тренингті өткізуші «Жастар кадрлық резерві» жобасының биылғы қатысушысы, өлкетанушы түрколог Бекболат Төлегенұлы және «Жас Отан» ЖҚ мүшесі Қален Арайлым. Шараға Түпқараған ауданы Ақшұқыр ауылының жастары да белсене қатысып, «Еріктілер мектебінің» жастары ат салысты. Жиынның екінші бөлімі «Өмір – сәтті жоба» тренингімен жалғасты. Тренинг жастарға ой салып, ерекше пікір қалыптастырды деп айта аламыз. Себебі шарадан кейінгі ж…

1
0
461

Мұздан жасалған аспаптардың ойын фестивалі

Гейло норвегиялық ауылында жергілікті тұрғындар мен жанкүйерлер жылдық өткізілетін Мұз музыка фестиваліне жиналды.

Скандинавиялық музыканттар мұздан жасалған жел, жол және соқпалы аспаптарында ойнап өнер көрсеткен.

Посттың орысша түпнұсқасы

Аударушы – Болат Кисамбаев

2
0
461

Головкин мен Мюррейдің кездесуінде Пуэрто-Рико маманы төреші болады

Луис Пабон

Геннадий Головкин — Мартин Мюррей жекпе-жегінің төрешілері белгілі болды.  Бұл туралы sports.kz хабарлады.

Шаршы алаңда пуэрториколық Луис Пабон төрешілік етеді, деп хабарлады BoxingScene.com.

Қапталдағы төрешілер ретінде америкалық Стэнли Кристодолу мен Фернандо Барбоза, сонымен қатар канадалық Джек Вудберн тағайындалды.

Еске сала кетейік, жекпе-жек 21 ақпанда Монте-Карлода өтеді.

   

АСТАНА. ҚазАқпарат

0
0
271

Кеңес орталығында халық қалаулысы кеңес беруде

Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні «Жас Отан» Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастыруымен «Жастар – Отанға!» партиялық жобасының аясында «Мирлан» базарында орналасқан кеңес орталығында Орал қалалық мәслихатының хатшысы Аққали Әубекеров қала тұрғындары, жастар және базар қызметкерлерін қабылдады.

Жұмыс уақытында қабылдауларға бара алмай жүрген базар қызметкерлері мен қала тұрғындары депутаттың кеңес орталығына келгенін пайдаланып, көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтардың ішіндегі өзектілері тұрғын үй, жер мәселесі және жұмыссыздық болды. Аққали Үмбетқалиұлы барлық сұрақтарға заң және өзінің өкілеттілігі шеңберінде жауап берді. Сонымен қатар, тиісті мекемелерге жүгіну керек деп кеңес берді. Барлығы 13 адам депутаттың қабылдауында болды

11
0
657

В консалтинг-центре «Кеңес орталығы» консультирует депутат

Сегодня 11 февраля в рамках партийного проекта «Жастар — Отанға!» в консалтинг-центре «Кеңес орталығы» Западно-Казахстанского областного филиала МК «Жас Отан» секретарь Уральского городского маслихата Аккали Аубекеров провел прием жителей, молодежи города и работников рынка. Сотрудники рынка и жители города, которые не могут попасть на прием из-за ежедневных работ, воспользовавшись приходом депутата в консалтинг-центр получили возможность задать свои проблемные вопросы. Основными задаваемыми вопросами были вопросы жилья, проблемы с земельными участками и трудоустройство. На все заданные вопросы Аккали Умбеткалиевич отвечал в рамках законодательства и своих полномочии. А также депутат посоветовал некоторым гражданам города обратиться в компетентные органы. Всего у приема депутата были 13 ч…

11
0
598

Маңғыстау облысында кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу міндеттерін орындамағанына қатысты үкім жарияланды

Бүгін Маңғыстау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында азамат А.Садықовқа қатысты үкім жарияланды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/mangystau-oblysynda-kmeletke-tolmagan-balany-trbieleu-mindetterin-oryndamaganyna-katysty-ukim

0
0
352