«Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау» бойынша семинар-кеңес өтті.
Ағымдығы жылдың, 11-ші ақпан күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті «Мемлекеттік әкімшілік қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау» бойынша семинар-кеңес өткізді. Семинар-кеңеске облыстағы мемлекеттік органдардың персоналды басқару қызметінің қызметкерлері мен басшылары қатынасты. Кеңесті департамент басшысының орынбасары Нұрлан Сүйінбаев ашты, Департаменттің мемлекеттік қызмет өткеру бөлімінің басшысы М.Мырзаш және тәртіптік-әкімшілік тәжірибе және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлімінің басшысы Ж.Мұратов өз баяндамаларында «Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін жыл сайынғы бағалау», «Е-қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі туралы» және «Мемлекеттік органдардағы тәртіптік комиссиялардың жұмысын жетілдіру бойынша әдістемелік көмек көрсету» мәселелеріне тоқталып өтті.
Н.Б.Сүйінбаев семинар-кеңеске қатысушыларға «ҚР 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» сөз етті.
Семинар-кеңеске қатысушылар тарапынан сұрақтар қойылып, олардың барлығына қажетті жауаптар қайтарылды.
