Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Кеңес орталығында халық қалаулысы кеңес беруде

Ағымдағы жылдың 11 ақпан күні «Жас Отан» Жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалы ұйымдастыруымен «Жастар – Отанға!» партиялық жобасының аясында «Мирлан» базарында орналасқан кеңес орталығында Орал қалалық мәслихатының хатшысы Аққали Әубекеров қала тұрғындары, жастар және базар қызметкерлерін қабылдады.

Жұмыс уақытында қабылдауларға бара алмай жүрген базар қызметкерлері мен қала тұрғындары депутаттың кеңес орталығына келгенін пайдаланып, көкейінде жүрген сұрақтарын қойды. Қойылған сұрақтардың ішіндегі өзектілері тұрғын үй, жер мәселесі және жұмыссыздық болды. Аққали Үмбетқалиұлы барлық сұрақтарға заң және өзінің өкілеттілігі шеңберінде жауап берді. Сонымен қатар, тиісті мекемелерге жүгіну керек деп кеңес берді. Барлығы 13 адам депутаттың қабылдауында болды

           
11
0
646

Осы тақырып бойынша