«Динамо» спорт кешенінде волейболдан шағын турнир өтті
«15 ақпан – Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылған күні» деп белгіленгеннен бері елімізде жыл сайын осы күн кеңінен аталып өтіліп, соғыс ардагерлеріне құрмет көрсетіліп келеді. Қызылорда ОІІД-нің 19 қызметкері Ауған жерінде әскери міндетін өтесе, оның 4-уі осы уақытқа дейін ішкі істер органдарында қызмет етеді, ал 15-і құрметті еңбек демалысына шыққан. Үстіміздегі жылы 26 жыл толатын айтулы күнге орай, 10 ақпанда Қызылорда ОІІД-нің ұйымдастыруымен «Динамо» спорт кешенінде волейболдан шағын турнир өткізілді. Жарысқа департамент басшылығының командасы, ОІІД аппаратының қызмет салалары басшыларынан құралған команда, Қызылорда ҚІІБ-ның қызмет басшыларынан құралған команда және ӘПБ-ның командасы қатысты. Турнир ҚР Мемлекеттік әнұран ырғағымен ашылып, ауған соғысында қайтыс болған жауынгер…





