ҚР ДСӘДМ зейнетақы жүйесін жаңғырту жұмыстарын жалғастырады
Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылдың қорытындылары мен 2015 жылға арналған мақсат-міндеттері талқыланған алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысында Министр Тамара Дүйсенова мәлімдеді. Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді сақтау қажеттігін тапсырғанын еске салды. Ағымдағы жылы әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау бағдарламаларын қаржыландыруға республикалық бюджетте 2,4 трлн. теңге қарастырылған. Соның есебінен 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері - 9%, базалық зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері - 7% көбейтілді. Сонымен қатар, Министрдің айтуынша, зейнетақы жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасады. Министрлік қазіргі уақытта тиісті заң жобасын әзірледі.…
