Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда мүгедектерді жұмыспен қамтуға және бейімдеуге ерекше көңіл бөлінеді – Т.Дүйсенова

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылдың қорытындылары мен 2015 жылға арналған мақсат-міндеттері талқыланған алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысында Министр Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Министр барлық өңірлер мүгедектерге қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін нысандарды хаттау және бейімдеу жоспарын бекіткенін айтты. 24,4 мың нысан құжаттандырылып, 18,9 мың нысанның 2371-і бейімделді.

Мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыспен қамтуға ерекше маңыз беріледі. Қазіргі уақытта еңбекке қабілеттілігін сақтаған 280 мың мүгедектің 89 мыңы жұмыс істейді. Өткен жылы 5,6 мың мүмкіндігі шектеулі жан «Жұмыспен қамтудың жол картасы 2020» бағдарламасының қатысушысы болды.

Тамара Дүйсенова сондай-ақ, биыл Қазақстан Мүгедектердің құқықтарын қорғау туралы конвенцияны ратификациялағанын еске салып, 4 Кодекске және 20 заңнамалық актіге қажетті өзгерістер енгізу жөнінде заң жобасы әзірленіп, ҚР Парламенті Мәжілісінің қарауына ұсынылғанын жеткізді.

 
0
0
263

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда мүгедектерді жұмыспен қамтуға және бейімдеуге ерекше көңіл бөлінеді – Т.Дүйсенова - Yvision.kz