Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚР ДСӘДМ зейнетақы жүйесін жаңғырту жұмыстарын жалғастырады

Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылдың қорытындылары мен 2015 жылға арналған мақсат-міндеттері талқыланған алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысында Министр Тамара Дүйсенова мәлімдеді.

Министр Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерді сақтау қажеттігін тапсырғанын еске салды.

Ағымдағы жылы әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау бағдарламаларын қаржыландыруға республикалық бюджетте 2,4 трлн. теңге қарастырылған. Соның есебінен 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы төлемдері - 9%, базалық зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақылар мөлшері - 7% көбейтілді.

Сонымен қатар, Министрдің айтуынша, зейнетақы жүйесін жаңғырту жұмыстары жалғасады. Министрлік қазіргі уақытта тиісті заң жобасын әзірледі. Құжатта:

- базалық зейнетақы тағайындау тәртібін өзгерту қарастырылған. 2017 жылғы 1 шілдеден бастап оның мөлшері зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты анықталады. Өтіл 10 жыл және одан кем болған жағдайда базалық зейнетақы мөлшері күнкөріс деңгейі (КД) көлемінің 50%-на тең болады. Сосын 10 жылдан артық әрбір толық жыл үшін базалық зейнетақы 2%-ға артып отырады. Өтіл 20 жыл болғанда КД 70%-ға, 35 жыл болғанда 100%-ға жетеді.

- 2018 жылдан бастап жұмыс берушілердің жұмыскерлер табысының 5% мөлшерінде төлейтін жарнасы есебінен қалыптасатын жаңа шартты-жинақтау құрамын енгізу арқылы зейнетақы төлемдерін арттыру көзделген. Нәтижесінде зейнетақы төлемдері: бюджет, жұмыс берушілердің жарнасы және жұмыскерлердің өздері арқылы іске асырылып, азаматтардың алдыңғы кірісінің кемінде 40% қамтамасыз етеді.

-  Жинақтаушы зейнетақы жүйесін әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру қарастырылады.

 
0
0
219

Осы тақырып бойынша

ҚР ДСӘДМ зейнетақы жүйесін жаңғырту жұмыстарын жалғастырады - Yvision.kz