Мазмұнға өту

Жаңа

Сүйінші! Парочка новых спецпроектов Yvision.kz, с лаконичным дизайном на главной странице

Наверное, это следовало сделать давно - встроить в ленту Yvision.kz маленькие информационные блоки ключевых спецпроектов. При этом, сделать их ненавязчивыми и лаконичными. Когда я говорю о ленте Yvision.kz, то подразумеваю раздел "Выбор редакции", который по умолчанию выводится на вашей главной странице. Посмотрите, как приятно и просто смотрится в бесконечном потоке главной ленты наше новое детище - спецпроект yviОБЗОР: В таком же виде расположилась плашка еще одного нового раздела yviNEWS, который агрегирует важнейшие мировые и местные новости: Вполне заслуженное место в ленте получила и старейшая рубрика POPCORN, собирающая блогерские записи о кино, ТВ и об искусстве в целом: Но и это еще не всё. После некоторых поисков и вариаций, мы полностью пересмотрели и обновили "подвал" в пользо…

4
4
515

Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасында семинар-кеңес өткізілді.

18 ақпан күні 16.00-деСыбайлас жемқорлықтың алдын-алу Стратегиясының басым бағыттарын және мақсат-міндеттерін түсіндіру мақсатында облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы ұжымына Департамент қызметкерлерімен семинар-кеңес өткізілді. Семинардың күн тәртібінде «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы»-ның мақсаттары мен міндеттері және Қазақстан Республикасының қылмыстық және әкімшілік Кодексіне енгізілген өзгерістер туралы мәселелер қаралды.

1
0
378

2015 жылдың қаңтар айындағы Қазақстан Республикасы жолдарындағы апаттылық және жарақат алу жағдайы туралы

Қазақстан Республикасының  Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің мәліметіне сәйкес, республика бойынша  2015 жылдың қаңтар айында 1210 жол-көлік оқиғасы (ЖКО) тіркелді, онда  1737 адам қаза болған және жарақат алған.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/2015-zhyldyn-kantar-ayyndagy-kazakstan-respublikasy-zholdaryndagy-apattylyk-zhne

0
0
460

Қызылордада жол қозғалысының жас инспекторлары жасақтарының сайысы өтті

Елімізде орын алып жатқан жол-көлік оқиғалары және оның зардаптары бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Осы тұста, жасөспірімдер арасында орын алатын жол көлік оқиғаларын алдын алуда әр мектептерде құрылған жол қозғалысының жас инспекторлары жасақтарының рөлі зор. Осыған орай, ағымдағы жылдың ақпан айында көлік ағымының легі көп жүретін қала орталығында орналасқан №140 мектептің 6 және 7-сынып оқушылары арасында жол қозғалысының жас инспекторлары байқауы өтті. Аталған байқаудың басты мақсаты – жол қозғалысы ережелері бойынша балалардың сауатын арттыру, оқушыларға жолда қауіпсіздікті сақтау ережелерін насихаттау, жасөспірімдердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, осы бағыттағы жұмыстарды жетілдіру болып табылады. 10 кезеңнен тұратын бұл байқауда оқушылар өз…

0
0
1556

Жамбыл облыстық сотының судьялары студенттермен кездесті

Бүгін Жамбыл облыстық сотының судьялары У.Кайманова, Д.Әзіретқұлов, Ғ.Құлекеев, облыстық соттың Кеңсе басшысының орынбасары Г.Тұрдыева, облыс бойынша қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы А.Маликова, сондай-ақ Жамбыл облыстық сотының отставкадағы судьялары А.Дармұрзаев, З.Жұмахметова, Е.Лозовецкая  Тараз инновациялық-гуманитарлық университетінің «Құқықтану» кафедрасының 1-3 курс студенттерімен кездесті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhambyl-oblystyk-sotynyn-sudyalary-studenttermen-kezdesti


0
0
437

2015 жылғы наурызда Астанада Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты филиалының жаңа ғимараты ашылады

2015 жылғы 12 наурызда Астанада Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты филиалының жаңа ғимаратының ашылу салтанаты болады. Көз аурулары қазақ ғылыми-зерттеу институты – 80 жылдық тарихы бар еліміздің бас офтальмологиялық орталығы. Институттың елордадағы филиалы 4 жылдан бері Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Қостанай, Ақтөбе, Павлодар облыстары мен Астана қаласы тұрғындарын тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде жоғары мамандандырылған офтальмологиялық көмекпен қамтамасыз етуде. Филиал шала туылған нәрестелердің көз ауруларын емдеуде және скрининг жүргізуде қалалық перинаталдық орталықпен ынтымақтаса жұмыс істейді. Ауданы 3200 шаршы метр болатын жаңа ғимаратқа көшу офтальмологиялық емдеу-диагностикалау қызметтерін кеңейтуге, сондай-ақ, ш…

0
0
398

Бауыржан Ретбаев «Қазақстан дауысы» атанды

15 ақпан күні Ұлттық арнада «Қазақстан дауысы» музыкалық жобасының гранд-финалы өтіп, көрерменнің таңдауы бойынша Бауыржан Ретбаев есімді жас әнші жеңімпаз атанды. Алмас Кішкенбаев тобында өнер көрсеткен Бауыржанға 5 млн теңге көлемінде сыйақы бұйырды. Мақаламен толығырақ танысыңыз

0
0
496

«Еркін пікір» дискуссиялық алаңындағы жастар

Ақтау қалалық «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында өткен «Еркін пікір» дискуссиялық алаңына жастар ұйымдарының көшбасшылары, оқу орындардағы «Жас Отан» ЖҚ – ның бастауыш бөлімшелері, жұмысшы жастар, жас мамандар кеңестерінің төрағалары қатысты.

Кездесудегі басты тақырып: Еліміздегі жаңа жастар саясаты жөніндегі заңның артықшылықтарымен ақпараттандыру, алдағы күндері жастар саясатындағы жоспарланған өзгерістер, облыстық деңгейдегі жастармен жұмыс жүргізудің жоспары мен кең көлемді шаралардың өтуі жөнінде ашық пікірталас өтті. Әр сала мамандары әр түрлі пікірлерін ортаға салып, жастар мәселелеріне қатысты пікірлер айтылды. Ұтымды ойлармен, маңызды ұсыныстар беріліп, жоспарға енгізілді.

1
0
391

Актауская молодежь встретилась с поэтом Рахат Қосбармақ.

17 февраля МК «Жас Отан» организовало встречу с поэтом Рахат Қосбармақ в рамках компании «Кел, жастар, оқылық». Встреча прошла в здании областной библиотеки, на которой участвовали студенты, ученики, активисты молодежного крыла «Жас Отан». Они без стеснения разговаривали с поэтом. Целью этой встречи – повысить интерес книгам, пропагандировать классические и современные произведения.

Кто увлекается чтением книг, тот становится серьезным и образованным человеком. Поэтому, воспитание молодого поколения духовной ценности – важная задача.

На встрече они хорошо узнали поэта, он внимательно слушал и охотно рассказывал о своей жизни.

2
0
351

«Нұрлы жолда – сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты семинар өтті.

2015 жылғы 17 ақпан күні Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Қазынашылық департаментінде «Нұрлы жолда – сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» атты семинар өтті. Семинарға Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент консультанты Б.Хайруллин дәріс оқып, дәріс арнайы дайындалған слайдпен сүйемелденді.

0
0
487