ҚР ДСӘДМ мамандары 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеуде
Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2014 жылдың қорытындылары мен 2015 жылға арналған мақсат-міндеттері талқыланған алқа мәжілісінің кеңейтілген отырысында Министр Тамара Дүйсенова мәлімдеді.
Министр жиынға қатысушыларға Мемлекет басшысының тапсырмасына сай ҚР ДСӘДМ мамандары 2016-2020 жылдарға арналған денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеп айтты.
Денсаулық сақтау саласының маңызды бағыттарының бірі – медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамыту (МСАК) болып табылады, атап айтқанда:
- Өңіріне және тұрғылықты жеріне қарамастан МСАК қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету;
- Медициналық білімді жетілдіру, тәжірибелік базаны нығайту, МСАК жүйесінде жұмысқа ынталандыруды күшейту, өңірлер, амбулаториялық-емханалық және стационарлық қызметтер арасында мамандар бөлудегі теңсіздікті жою;
- денсаулық сақтау саласын қаржыландыру бірегей және кешенді жан басына шаққандағы норматив бойынша іске асырылады, яғни ТМККК бағытталған жалпы сома көлемін 40%-на жеткізу арқылы МСАК-ті қаржыландыруды халықаралық стандарттар деңгейіне жеткізу. Бүгінгі таңда ол 26% құрайды.
Жұмыстың келесі бағыты - сырқаттанушылықты басқару жүйесін енгізу, аурудың алдын алу, ерте анықтау және емдеуді қарастыратын медициналық көмек көрсетудің бірегей жүйесі.
Үшінші бағыты – денсаулық сақтаудың кадрлық әлеуетін дамыту.
Осыған орай Қазақстанда 2009 жылдан енгізілген Ұлттық біліктілік жүйесіне сәйкес келетін даярлау, қайта даярлау және кадрлардың біліктілігін арттыру жүйесін жаңғырту керек. Жаңа талаптарды есепке ала отырып, кадрлар даярлаудың бес жылдық жоспарының жобасы әзірленеді. Алдағы өзгерістер медициналық университеттер мен колледждердің «Құзырлы орталықтарға» айналуын қарастырады.
2030 жылға дейінгі кезеңде денсаулық сақтау жүйесін жетілдірудің төртінші бағыты – қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету.
Қазақстанда 2017 жылдан әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі кезең-кезеңмен енгізіледі. Бұл саладағы денсаулық сақтау саласын мемлекет, жұмыс берушілер, азаматтар және басқа да көздерден қаржыландырудың көп арналы қағидатын қалыптастыруға және денсаулықты сақтауға ортақ жауапкешілікті қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу тұжырымдамасының жобасын әзірлеуге Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары мен Бүкіләлемдік банк кеңесшілері тартылған.
