Астанадағы «Бұрқасын-2015» шаңғы мерекесіне 3 мыңнан астам елордалық қатысты
Астанада Есіл өзені бойындағы қалалық саябақта жылдың басты шаңғы мерекесі «Бұрқасын-2015» өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына, Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына және ҚР Конституциясының 20 жылдығына орайластырылған жарыс Астана қаласының Туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасымен ұйымдастырылды. Іс-шараға 3000-нан астам елордалық қатысты. Соның ішінде мектеп оқушылары, студенттер, оқу орындарының ұстаздары, Қазақстан Республикасының министрліктері мен ведомстволарының және елордадағы мемлекеттік құрылымдар мен кәсіпорындардың қызметкерлері, қоғам өкілдері, сондай-ақ қала қонақтары болды. «Бұл Астана үшін өте маңызды күн. Осы қала әкімдігі мен Спорт және дене шынықтыру басқармасының ұй…



