Мазмұнға өту

Жаңа

Ауыл тұрғындарына «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу тәртібі түсіндіріледі

2015 жылғы 15 наурыздан бастап ауыл тұрғындары үшін «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасына қатысу мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Осы мақсатта арнаулы мобильдік топтар құрылып, олардың құрамына ҚР ДСӘДМ Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің өңірлік департаменттерінің және жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлері кіреді. Мамандар ауылдарда тұратын жұмыссыз және нәтижесіз жұмыспен айналысатын азаматтарға «Жұмыспен қамту жол картасы 2020»бағдарламасына қатысу шарттарын түсіндіріп, қажетті құжаттарды жинау және рәсімдеу мәселелері бойынша кеңестер береді. Сонымен қатар, мобильдік топтардың мүшелері тұрғындармен кәсіби бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, әкімдіктермен бірлесіп жұмыспен қамту, шағын несие беру мүмкіндіктерін қарастырады. Әрі қ…

0
0
283

Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларына 2015 жылы медициналық және оңалту көмектері үздік клиникаларда көрсетіледі

2015 жылы Ұлы Отан соғысының барлық ардагерлері мен қатысушыларына медициналық және оңалту көмектері ұлттық ғылыми орталықтарда, ғылыми-зерттеу институттарында, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ведомствоға қарасты ұйымдарында көрсетіледі. Аталған орталықтар кардиологиялық, офтальмологиялық, онкологиялық және өзге де әлеуметтік маңызды аурулар бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсетеді. Айта кету керек, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен қатысушыларына медициналық көмек республикалық та, өңірлік те деңгейде, сондай-ақ, еркін таңдау құқығы бойынша кез-келген медициналық ұйымда тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында көрсетіледі. Сонымен қатар, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мүгедектеріне стационарлық көмек Астана мен Алматы қал…

0
0
279

Медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан балалардың қайтыс болғаны туралы ақпарат жалған

2015 жылғы 25 ақпаннан бастап WhatsApp хабарлама алмасу жүйесі арқылы таратылған медициналық препараттарды қабылдағаннан кейін туындаған аллергиялық реакциядан балалардың қайтыс болғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі дәрілік құралдардың жанама әсеріне тұрақты негізде мониторинг жүргізіп отырады. 2015 жылғы 27 ақпандағы жағдай бойынша аллергиялық реакция туындатып, балалардың өлім-жітіміне себеп болды деген дәрілік құралдар (амоксициллин, капесула, ибупрофен (суспензия), ацклофенак, ангисепт, сумамед, ингалипт, инфлюцид, балаларға арналған панадол және санасол) туралы ешқандай мәлімет келіп түскен жоқ. Осыған орай ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі ҚР Ішкі істер министрлігіне, ҚР Бас Прокуратурасына және ҚР Ұлттық…

0
0
1294

Дін істері комитетінің Интернет арқылы тегін қажылық ұйымдастыру бойынша ресми ұстанымы

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті интернет желісі арқылы Сауд Арабиясы Королдігіндегі Мекке және Мәдина қалаларына тегін қажылық ұйымдастыруды ұсынатын белгісіз топтардың қызметтеріне алданып қалуыңыз мүмкін екендігін ескертеді. Біріншіден, еліміздегі қажылық жұмыстары Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) арқылы Сауд Арабиясы тарапынан жыл сайын арнайы бөлінетін квота негізінде жүзеге асырылады. Қажылықты ұйымдастырумен тікелей ҚМДБ бекіткен туристік компаниялар айналысады. Жалпы, біздің елімізде ҚМДБ арқылы қажылық рәсімді өткізуге тегін квота бөлінетіні және ҚМДБ бекіткен фирмалардың мұндай жарнама тарататыны туралы ақпарат тәжірибеде болған жоқ. Ал қандай да бір жергілікті немесе шет елдік компаниялар арнайы бөлінетін квотасыз қажылық сапарды ұйымдастыр…

1
0
416

Қосымша бұрыш енгізу әдісі

Күрделі тригонометриялық теңдеулерді шешу жолдарының бірі "қосымша бүрыш енгізу әдісі". sinx+cosx=? Psina+Qcosa өрнегі берілген; Psina+Qcosa=Asin(a+ф) теңдігі орындалатындай А және ф сандарын табу керек. (P және Q екеуі бірден нөлге тең бола алмайды ). Алдымен, P=cosф, Q=sinф болатындай ф саны табылды деп ойлайық. Онда біздің есебіміз оңай шешілер еді: Psina+Qcosa=cosфsina+sinфcosa=sin(a+ф) Бірақ жалпы жағдайда ондай сан болмауы да мүмкін: егер P=cosф, Q=sinф болса, онда , ал кез келген екі санның квадраттарының қосындысы бірге тең болуы шарт емес. Сондықтан кішкентай айла қолданамыз, өрнекті санына көбейтеміз және бөлеміз: екеніне көңіл аударайық. Кординатасы болатын нүкте тригонометриялық шеңберде жатыр: ал ф – осы нүктеге сай келетін бұрыш деп алайық. Онда теңдіктері орындалады және бі…

2
3
6311

Шығыс Қазақстан облысы ауылдық округының әкімі сыбайлас жемқорлыққа жол бергені үшін сотталды

Шығыс Қазақстан облысының Бородулиха аудандық сотының үкімімен азамат Г. ҚР ҚК 366-бабы 1-бөлімінде (пара алу) көзделген  қылмысты жасағаны үшін   кінәлі деп танылды. Азамат Г. 4 500 000 (төрт миллион бес жүз мың) теңге айыппұл  салынып, мүлкін тәркілеп, мемлекеттік қызмет  және  мемлекеттік басқармаларының саласында  айналысу құқығынан өмір бойы айыру жазасы тағайындалды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/shygys-kazakstan-oblysy-auyldyk-okrugynyn-kimi-sybaylas-zhemkorlykka-zhol-bergeni-ushin

0
0
299

Байлық не істетпейді?

«Байлық, баршылық не істетпейді?» дегенді айналадағы тірліктен күн сайын көріп, естіп те жүрсек те соған мән беріп, ұғына бермейміз. Негізінен біреуге бақ қонып, ауқатты өмір сүру-тағдырдың сыйы. Десек те дүниенің мәні дәулет пен ақшада деп есептейтін даңғаза ұрпақтың өздерін ғана емес, осы «аурумен» келешек ұрпағын да улауы қасірет. Олар үшін жылына бір рет көлік ауыстыру, Араб әмірлігі, Египет, Тайланд секілді экзотикалық елдерде демалу –үйреншікті жағдай. Кәмелеттік жасқа жетпеген балаларына жоғары оқу орнын былай қойып, мектеп шағында көлік мінгізіп, адам өміріне қауіп туғызатын жәйттері де аз емес. Оны қойып, балаларының бір жасқа толуына да, үйлену тойларына да Қазақстан эстрадасының жұлдыздарынан бөлек, шет елдің Бионс, Джениффер Лопес, Уитни Хьюстон, Кэтти Пэрри сынды әншілерін то…

0
0
571

Полиция қызметкерлері студент жастармен біріге отырып қала тазалығы, қоғамдық тәртіп қамтамасыз ету мәселелері төңірегінде ой қозғады

Үстіміздегі жылдың ақпан айында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, жастардың қоғамдық орындарда өздерін ұстай білу мәдениетін дамыту, аулалар мен демалатын орындардағы мемлекеттік мүліктерді бүлдіру, ұрлаудың алдын-алу, кез келген тәртіпсіздікке «мүлдем төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру шараларын күшейту мақсатында Болашақ университетінің мәжіліс залында полиция қызметкерлерінің студент жастармен кездесуі өтті. Кездесу жиынға Қызылорда облысы ішкі істер департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ә.Б.Шаймағамбетов төрағалық етіп, Қызылорда ОІІД ӘПБ бастығының орынбасары полиция подполковнигі Е.Б.Жаукеев, ӘПБ-ның ювеналды полиция бөлімшесінің бастығы полиция майоры М.Есжанов және «Болашақ» колледжі басшылығы қатысты. Кеңес отырысын Қызылорда ОІІД бастығының орынбасары полиция по…

0
0
685

Қазақстан экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан елдер қатарында 11-ші орынды иеленді

Bloomberg агенттігі жариялаған зерттеуге сәйкес алдағы екі жылда Азия және Африка елдерінің экономикасы олардың еуропалық немесе американдық көршілеріне қарағанда тезірек дамиды. Экономикасы қарқынды өсіп келе жатқан топ-20 елдің қатарына негізінен Азия және Африка елдері кірген. Бұл рейтингте 11-ші орын Қазақстанға бұйырды. Аталмыш рейтингте Қытай көш бастап тұр. 2015 жылы бұл ел экономикасының өсімі 7 пайызды құрауы мүмкін, деп жазды Bloomberg. Филиппин мен Кения рейтингте екінші және үшінші орындарға жайғасты. Жұмыссыздық деңгейінің жоғары болуына және тұрғындарының 40 пайызы кедей болғанына қарамастан, зерттеу көрсеткендей, биыл кениялық экономика 6 пайызға өсуі мүмкін. Рейтингтің алғашқы бестігіне Үндістан мен Индонезия да кірді. Ағымдағы жылы әлемдік ЖІӨ 16 пайызын құрайтын Қытай, Ф…

0
0
1031