Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Аңсау

Егіндібұлақ өңірі анау бір замандарда қазақ арасында от тілді, орақ ауызды аймақ еді. Ұлы Абай анасының осы өлкеден екенін  мақтан тұтып өтті, тіпті қайбір кездерде өз талантының тамыры әділетсіздікпен арыстандай алысып өткен, ауызымен құс тістеген шыншыл шешендер мен би, ақындар арындап өткен осы өлкеде жатыр деп ұқты. Анау кешегі Айрық – бүгін Мәди ауылы, анау Арқалық – қазір Тәттімбет, ауданының аты Қазыбек би. Осындай ардақты бабаларымыз өткен қасиетті жерімізде енді таланттар дүниеге келуі екі талай. Отызыншы жылдарға дейін қазақ халқының мақтанышы мен жан сұлулығының отаны болып келген Егіндібұлақ бұл күнде тың талант туғызбақ түгілі, қазақтың сөзін тыңдайтын құйма құлақтары мен қазақ кітәбінің бетін ашатын оқырманынан көпе-көріну айырыла бастады.

Әбдіжәміл Нұрпейісов

Қазақстанның халық жазушысы

 

1.Көгілдір мұнар тауларым

Ұшқара, Едірей, Арқалық.

Ағып жатыр Түндікті

Ортасында бралып.

2.Жыланды, Желтау, Қызылтау

Естігенде аттарын

Бір желпініп қалам-ау

Көгерген мұнар бастарын

Қашан мен барып көрем-ау?

 

3.Ыстық-ау, шіркін, туған жер,

Балалық дәурен, самал жел

Жалаңаяқ жүгірген

Сол желменен жарысып,

Асу асқан қырат, бел

 

4.Таудан аққан сылдырап

Мөлдір бұлақ суынан

Тойғанша қашан ішем-ау?

Шаршап мен үйге келгенде

Ашты ғой, қарының, жаным деп

Бауырсақ пен айранын

Алдыма қойған шешем-ау,

Басыңа барып, аруаққа

Қашан мен тағзым етем-ау?

 

5.Балқантаудың етегі

Қалың қорым – қазағым.

Кәрі-жасы аралас

Полигонның құрбаны.

Асқар таудай әкем-ау,

Сен де сонда жатырсың

Қасыңа барып толғанып,

Басымды қашан ием-ау?

 

6.Алтын ауылым – Айрығым

Айналаң сенің – Сардала

Кезінде, шіркін дүркіреп

Қырық ошақ тігіліп

Қайын жұрт болған Абайға.

 

7.Ертең-ақ мен жоқ болам,

Мақсатым мен мұратым:

Артымда қалса тоқ балам.

Халқым, жұртым аман боп

Жадыраса көңілі

Одан артық арман жоқ,

Қажет болса дәл қазір

Қара жерге оқ болам.

   
0
0
551

Осы тақырып бойынша