Мазмұнға өту

Жаңа

ҰОС ардагері 95 жаста

2015 жылдың 4 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері Надежда Александрқызы Мельникованы 95-жас мерейтойымен құттықтады. Надежда Александрқызы 1942 жылы Беларусь партизан штабынан шақырту алған. «Майданға шақырған кезде мен әлі жас едім. Бірақ мен еш ойланбастан қолыма қару алып соғысуға аттандым. Мен соғыс жөнінде естеліктерді есіме алғым келмейді, өйткені біздің солдаттардың өлімінің жүз рет куәсі болдым. Алайда ішімізден күндердің бір күнінде тыныштық орнайтындығын сеніп күттік. Көптен күткен Жеңісті мен шекарада қарсы алдым. Осындай жаңалықты естіген мен, жерге жата кеттім де, айқайлап жылап жібердім» - деп еске алады ол. Соғыстан кейін ол ауыл кітап…

0
0
479

Әйелдер мерекесіне орай

Бүгін Бас прокуратурада Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты жиналыс болып өтті.

Бас Прокурордың бірінші орынбасары Иоган Меркель барлық нәзік жанды қызметкерлерді керемет мерекемен құттықтап, олардың заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосып отырған үлестерін атап өтті.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/yelder-merekesine-oray-astana-k-2015-zhylgy-6-nauryz

0
0
249

Елбасы: Әйел — ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі

Қазақстанда тоғыз миллион әйел бар. Бүгін Ақордада Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты. «Қазақстанда тоғыз миллион әйел бар. Мемлекеттік қызметте де басым бөлігі, жартысынан көбі - әйелдер. Денсаулық сақтау саласында 75 пайызы әйелдер, халық ағарту мәселесінде - 65 пайыз, бизнестің 40 әйелдердің қолында. Денсаулық сақтау саласында да жұмыс істейтіндердің 75 пайызы - әйелдер. Яғни, ұлтымыздың денсаулығы әрқашанда әйелдердің қолында: үйде де, жұмыста да», - деді Нұрсұлтан Назарбаев. Сонымен қатар Елбасы Тәуелсіздік жылдарында тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда әйелдер қауымының үлесі зор болғанына назар аударды. «Әйел - ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі. Ел болашағы…

0
0
342

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Монако Княздігіне сапары туралы баспасөз ақпараты

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Асхат Дауылбаев Монако Княздігіне жасаған сапары шеңберінде Монако Княздігінің Мемлекеттік кеңес төрағасы, Жоғарғы сот төрағасы, Әділет министрі Филипп Нарминомен келіссөздер жүргізді.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/kazakstan-respublikasy-bas-prokurorynyn-monako-knyazdigine-sapary-turaly-baspasoz

0
0
234

БОКС: APB жекпе-жектерін өткізудің тұрақты кезеңдері жарияланды

Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АИБА) APB (АИБА Кәсіпқой Боксы) жобасының матчтарын өткізудің тұрақты кезеңдерін жариялады. Бұл туралы бүгін Қазақстанның бокс федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады. Енді алғашқы циклдың алғашқы матчтары үстіміздегі жылдың 29 мамырында өткізіледі. Әрбір салмақ дәрежесіндегі 8 боксшы чемпиондық белбеуге жаңа үміткерді анықтау үшін әдеттегідей рейтингтері бойынша 2 жекпе-жектен өткізетін болады. Ал кейін үміткер қазіргі чемпионмен кездеседі. APB-дің әрбір циклы бес айға жуық уақытқа созылады және екі рейтингтік, бір «белбеулік» кездесуден тұрады. Яғни, жыл сайын APB жобасының әрбір 10 салмақ санаты бойынша «титулдық» кездесулерден тұратын екі циклы өткізіледі. Қазір әлемнің көптеген қалалары тарапынан APB жобасының жекпе-жектерін өткізу бойынша…

0
0
306

2015 жылғы 1 шілдеден Қазақстанның барлық өңірінде әлеуметтік келісімшарт талаптарында шартты әлеуметтік көмек көрсету пилоттық жобасы іске асырылады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Вице-министр Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі Әлеуметтік даму тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Министрлік азаматтардың табысы аз санатын әлеуметтік қорғаудың пассив моделінен актив моделіне өту жұмыстары жүргізіліп жатқанын атап көрсетті. Аталған тәсілдер 2014 жылы отбасының еңбекке қабілетті мүшелерінің жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және өту, қажеттігіне қарай отбасы мүшелерін әлеуметтік бейімдеу бағдарламаларына қатысу шартымен әлеуметтік келісімшарт негізінде шартты ақшалай көмек көрсетуді көздейтін «Өрлеу» пилоттық жобасын үш облыста (А…

0
0
363

Қазақстанда шағын сыйымдылықтағы медициналық-әлеуметтік мекемелерді дамыту жөніндегі пилоттық жоба іске асырылады

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Светлана Жақыпова 2009 жылдан бастап арнаулы әлеуметтік қызметтерді кезең-кезеңмен енгізу арқылы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесін жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатқанын еске салды. Бұл шаралар халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарында анықталған тәртіп пен талаптарға сай іске асырылуда. Стандарттарды іске асыру кезеңінде қазіргі медициналық-әлеуметтік ұйымдардың материалдық-техникалық базасы жақсартылып, штаттық санын кеңейту есебінен көрсетілетін қызметтердің сапасы арта түсті. Үкіметтік емес секторда 74…

0
0
339

Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2014 жылы 7,3 мың жұмыссыз мүгедек жұмыспен қамтылды

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Вице-министр 2015 жылғы 20 ақпанда Елбасы «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойғанын еске салды. Ол құжат азаматтық, саяси, әлеуметтік, экономикалық, мәдени және өзге де құқықтарын іске асыруда мүгедектерге өзге азаматтармен теңдей жағдай жасауға бағытталған. Айта кету керек, Конвенция мүгедектерді әлеуметтік қорғаудың қазіргі жүйесінде жалпылай алғанда көрініс тапқан. Мүгедектерді жұмыспен қамтуға ерекше маңыз беріледі. Өңірлерді дамыту бағдарламасы аясында 2014 жылы хабарласқан 14 мың мүгедек жанның ішінде…

0
0
348

2017 жылғы 1 шілдеден базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді. Светлана Жақыпова 2014 жылғы 18 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстанның зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасында келесі өзгерістер қарастырылғанын алға тартты: - 2017 жылғы 1 шілдеден зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы тағайындау; зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем болған жағдайда базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі мөлшерінің 50% құрап, 10 жылдан асқанда әрбір толық жыл үшін күнкөріс деңгейі мөлшерінің 2% мөлшерінде ұлғайтып отыру; - 201…

0
0
481