ҰОС ардагері 95 жаста
2015 жылдың 4 наурызда ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшылығы Ұлы Отан соғысының ардагері Надежда Александрқызы Мельникованы 95-жас мерейтойымен құттықтады.
Надежда Александрқызы 1942 жылы Беларусь партизан штабынан шақырту алған.
«Майданға шақырған кезде мен әлі жас едім. Бірақ мен еш ойланбастан қолыма қару алып соғысуға аттандым. Мен соғыс жөнінде естеліктерді есіме алғым келмейді, өйткені біздің солдаттардың өлімінің жүз рет куәсі болдым. Алайда ішімізден күндердің бір күнінде тыныштық орнайтындығын сеніп күттік. Көптен күткен Жеңісті мен шекарада қарсы алдым. Осындай жаңалықты естіген мен, жерге жата кеттім де, айқайлап жылап жібердім» - деп еске алады ол.
Соғыстан кейін ол ауыл кітапханасына жұмысқа орналасады. 1970 жылдан зейнет жасына шыққанға шейін көкөніс плантациясында қызмет атқарған. 20-дан астам медальдары бар.
Үлкен гүл шоқтарын, құттықтау ашық хатты және азық-түлік пен жемістерге толы кәрзеңкені ұсынған департамент басшысының орынбасары Жанарбек Нұржанғалиев шын жүректен туылған күнімен құттықтап отырып, сол кездегі буынның ерлігі – батырлық пен ержүректіліктің символы, біздің ата-бабаларымыздың абыройын арттыру үшін күресуге үндеу, соғыссыз әлем үшін, тәуелсіз ел үшін жасаған ерліктері. Жеңіс үшін бар күшін берген біздің батырларымыздың арқасында біз болашаққа жоспар құрып, өмірге қуанып, балаларымызды тәрбиелеп жатырғандығын атап кетті.
Ол Надежда Александрқызына зор денсаулық, аманшылық, рух сергектігі мен сарқылмайтын жігер, ұзақ әрі бақыты ғұмыр тілегі.
