Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

2017 жылғы 1 шілдеден базалық зейнетақы тағайындау тәртібі өзгереді

Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Әлеуметтік қамсыздандыру жүйесін жаңғырту туралы» тақырыбында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Светлана Жақыпова мәлімдеді.

Светлана Жақыпова 2014 жылғы 18 маусымда Мемлекет басшысының Жарлығымен бекітілген 2030 жылға дейінгі кезеңге арналған Қазақстанның зейнетақы жүйесін әрі қарай жаңғырту тұжырымдамасында келесі өзгерістер қарастырылғанын алға тартты:

-          2017 жылғы 1 шілдеден зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты базалық зейнетақы тағайындау; зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі 10 жыл және одан кем болған жағдайда базалық зейнетақы күнкөріс деңгейі мөлшерінің 50% құрап, 10 жылдан асқанда әрбір толық жыл үшін күнкөріс деңгейі мөлшерінің 2% мөлшерінде ұлғайтып отыру;

-          2018 жылдан жұмыскер табысының 5% жарнасын Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында ашылған шартты зейнетақы шотына аудару есебінен жаңа шартты-жинақтаушы компонента енгізу; жұмыскер зейнетақы жасына жеткенде және жүйеге қатысу өтілі 5 жылдан кем емес жағдайда шартты-жинақтаушы компонентадан берілетін зейнетақы мөлшері шартты зейнетақы шотында қалыптасқан зейнетақы құқығына және болжалды өмір сүру ұзақтығына байланысты анықталады. Зейнетақы өмір бойы төленеді және мұрагерлікке берілмейді.

Сондай-ақ, вице-министр 2015 жылғы мамырдан бастап «Қазпошта» АҚ және мобильдік халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары алыс аудандардың елді мекендерінде тұратын азаматтардан зейнетақы мен жәрдемақы тағайындауға, сондай-ақ, медициналық-әлеуметтік сараптама қызметінің мүгедектікті белгілеуіне құжаттар қабылдау ұйымдастыратынын жеткізді. Қызмет алушыларға тұрғылықты жерлерінде көрсетілетін мұндай қызметтер (құжаттар қабылдау және есеп-шот ашу) қолайлы жағдай жасап, мемлекеттік қызметтер алуға кететін шығын мен уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

 
0
0
473

Осы тақырып бойынша