«Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды
Бүгін «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталық» РМҚК, «Қазпошта» АҚ және «Халыққа қызмет көрсету орталығы» РМК арасында Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Аталған меморандум ҚР Парламенті қабылдаған «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және автоматтандыру мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын іске асыруға бағытталған. Заңға сәйкес аудан орталықтарынан алыста тұратын азаматтар үшін «Қазпошта» АҚ мен мобильді халыққа қызмет көрсету орталықтарының мамандары жәрдемақылар тағайындауға құжаттар қабылдау ұйымдастырады. Азаматтарға қызметтер көрсету (құжаттарды қабылдау және есеп-шот ашу) олар тұратын жерлерге барып көрсетіліп, жайлылық пен о…
