Табысы кедейлік шегі мөлшерінен аспайтын 13 мыңнан астам отбасы 1,3 млрд. теңге сомаға жәрдемақы алды
2014 жылы табысы кедейлік шегі мөлшерінен аспайтын 13 186 отбасы (56,1 мың адам) 1,3 млрд. теңге сомаға жәрдемақы алды.
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы» ҚР Заңына сәйкес жәрдемақыны қосқандағы жан басына шаққандағы табысы кедейлік шегі мөлшерінен (күнкөріс деңгейі мөлшерінің 40%) аспайтын отбасыларға табысы есепке алына отырып, отбасының әрбір мүшесіне атаулы әлеуметтік көмек беріледі.
2015 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жәрдемақының орташа мөлшері айына 1970,7 теңгені құрады.
