Мазмұнға өту

Жаңа

Депозит нарығында бәсеке бар

Депозит нарығында бәсеке бар

Жақында ranking.kz қызметі Қазақстандағы депозит нарығына талдау жасады. Сөйтіп, 2015 жылдың ақпанындағы қорытынды бойынша еліміздің банктеріндегі жалпы салым көлемі 10,9 триллионға жеткенін мәлімдеді. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
531

Неміс ғалымдары, инженерлері мен физиктері шетелде жұмыс істеуді жөн санайды

Неміс ғалымдары, инженерлері мен физиктері шетелде жұмыс істеуді жөн санайды

Неміс ғалымдары, инженерлері мен физиктері шетелде жұмыс істеуді жөн санайды.

Ғалымдардың елден жаппай көшуі Германиядағы басты мәселелердің біріне айналды. Себебі соңғы он жылда жарты миллионға жуық ғалым шетелге қоныс аударған. Олардың елде қалуына не кедергі? Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
1405

Кинoтеатрлар неге заң талабын орындамайды?

Кинoтеатрлар неге заң талабын орындамайды?

Жаңа кино шығыпты дегенді естісек болды, уақыт тауып, кинотеатрға баруға тырысамыз. АҚШ-тың атақты «The Imitation Game» деп аталатын тарихи драмасы отандық прокатқа шыққалы екі аптаның жүзі болды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістердің атышулы шифрлық машинасы «Энигманың» тас-талқанын шығарған ағылшын криптографы Алан Тьюрингтің өмірін өзек еткен фильмді көргеннің бәрі мақтайды. Жалғасы мұнда: iskernews.kz
ждэ
0
0
330

Қытай экспансиясынан қорқу керек пе?

Қытай экспансиясынан қорқу керек пе?

Соңғы жылдарда қытайлықтар Швециядан «Вольво» кешенін, француздың «Пежо-Ситроеннің» бір бөлігін, франциялық сән үйі «Соня Рикельді» және Грецияның негізгі портын сатып алды. Ал, қазір Қазақстанмен 44 индустриалдық жобаны қаржыландыру мәселесін қызу талқылау үстінде, деп жазады «Мегаполис» газеті.

Өткен жылы қытайлықтар елімізде шыны, цемент және ауылшаруашылық тауарларын қайта өңдеу зауыттарын салуға даяр екендіктерін білдірген. Таяуда «Атамекен»Ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумы басшысы Тимур Құлыбаев Қытай Қазақстан жерінде 44-тен астам индустриалды жобаны қаржыландырады, деп хабарлады. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
239

«Сыртқы саясаттың» сараптамасы сандырақ емес-ау?

«Сыртқы саясаттың» сараптамасы сандырақ емес-ау?

Қазіргі таңда халықаралық жағдайдың қатты шиеленісіп тұрғаны кім-кімге болсын жаңалық емес. Араб әлемінде орын алып жатқан алапат жанжал өрті оның шекаралас көршілеріне де белгілі бір дәрежеде әсерін тигізетіні, тіпті соңғы кездері аз-мұздап болса да тигізіп жатқаны және жасырын емес. Осыған орай біз саяси сараптамамен айналысатын «Сыртқы саясат» атты сараптама агенттігінің Орталық Азия мен Қазақстанға қатысты азын-аулақ мәліметтеріне көз жүгіртіп көрдік. Мәліметтер әлбетте, аталмыш аумақтардың 2015 жылға арналған «жақын арадағы жылнамасын» қамтиды. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
293

Тұрсыновтың тоқмейілси бастағаны ма?

Тұрсыновтың тоқмейілси бастағаны ма?

Е.Тұрсынов бекітіле тұра, Қазақ хандығының 550  жылдығы туралы фильмді түсіруден бас тартыпты деп естідік. Бар шаруаны жиып тастап, мерейтойды өткізуге жауапты орынның бәрі жанталасып дайындықты бастағанда, бұл кісінің бұра тартқанын түсінбей қалғанымыз рас. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
181

Сарапшы: Иран санкциядан босатылса, мұнай бағасы 20 доллардан да төмендейді

Бірер күн бұрын АҚШ пен Еуроодақ Иранға қарсы қаржылық-экономикалық санкциялардың алынып тасталатынын мәлім етті. Осылайша Иран Ислам Республикасының ядролық бағдарламасына қатысты шекті келісім жасалғаны мәлім болды. Иран Сыртқы істер министрі Джавад Зариф пен Еуроодақтың дипломатия басшысы Федерика Могеринидің мәлімдеуінше, биылғы жылдың 30 маусымына дейін Иран Ислам Республикасынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Еуроодақ және АҚШ салған санкциялар алынып тасталады. Бұл ретте Еуроодақтың сыртқы істер және саяси қауіпсіздік кеңесінің жоғарғы өкілі Федерика Могерини «Біз шешуші қадам жасадық. Енді Еуроодақ ядролық бағдарламаға қатысты Иранға салынған экономикалық және қаржылық тыйымдардың күшін жояды. АҚШ та өз тарапынан санкцияларын алып тастауға келісті. Мұның бәрі Атом энергиясы жөніндегі…

0
0
286

Podcasts &Vodcasts немесе «Радионың білімдегі маңызы»

Подкастинг (Википедия) - https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BD%D0%B3 Уикипедия бойынша подкастинг дегеніміз ғаламтор жүйесінде радио және теледидар бағдарламаларының стилінде дыбыс немесе бейне файлдарды (водкастарды) құру және тарату процесі (былайша интернеттегі радиохабар). Әдетте, подкасттардың белгіленген тақырыптары және жариялау жиілігі болады. Podcast деп жазылу мүмкіндігі бар, бөлек аудиофайлды немесе сол интернет-ресурстарға жарияланған осы файлдардың арнасын атаймыз. Қысқаша өз сөзіммен түсіндіргенде, кез келген мәліметті немесе радиодағы өзіңіз ұнататын бағдарламаны (жұмыс уақытында тыңдай алмағандықтан) аудиофайл ретінде т.б. көшіріп алып кешке үйден тыңдасаңыз, сол көшірмелерді подкаст болады. Бала кезімде (90 жылдардың ортасы))…

0
0
2134

Сарысу ауданының тұрғындарымен кездесу

2015 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңестің төрағасы Ғ.С.Тұрсынбаев Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» Сарысу ауданының тұрғындарына түсіндіру бойынша аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ғ.Тұрсынбаев Стратегияның басым бағыттарына тоқталып өтіп, сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамыздың міндетіміз екендігін атап өтті.
Кездесу соңынан Ғ.Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
CZ0m1UVMRCZ24Jg19NzFAyFMMwNM33.jpg

0
0
496

Павлодар облысында ақпараттық-ағарту жұмысы жалғасуда

Ақпараттық-ағарту жұмысы аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшылығы және қызметкерлері жергілікті атқарушы мен аумақтық мемлекеттік органдар қызметкерлеріне, арнайы орта және жоғары білім беру мекемелердің оқытушылары мен студенттеріне Қазақстан Республикасы 2015-2025 жж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы туралы мәліметті жеткізу мақсатында кездесу өткізілді. Кездесуге жалпы саны 633 адам қатысты, соның ішінде Екібастұз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері, Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті, Білім беру басқармасы, Қаржылық бақылау инспекциясы, Жер қатынастары басқармасы, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринарлық бақылау…

8
0
425