Мазмұнға өту

Жаңа

Жоғарғы соттың қадағалаушы сот алқаларында жергілікті соттардың судьялары тағылымдамадан өтуде

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты сот жүйесіндегі өзге де білім беру ұйымдарымен (Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Сот төрелігі институты, Судьялар Одағы, облыстық және оған теңестірілген соттардың оқу орталықтары) бірлесіп, республика судьяларының кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды тұрақты түрде жүзеге асырып келеді.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sottyn-kadagalaushy-sot-alkalarynda-zhergilikti-sottardyn-sudyalary-tagylymdamadan

0
0
329

Қостанай облысында оқушылар мен олардың ана-аналарына сот отырысынының көрсетілімі өтті

Бүгін Қостанай облысы Сарыкөл ауданының №1 орта мектебінде аудандық сот судьясы Ш.Нақыпованың төрағалық етуімен Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 442-бабы 2-бөлігіне сәйкес (кәмелеттік жасқа толмағандардың заңды өкілдерінсіз сағат 22.00-ден таңғы 06 сағатқа дейінгі түнгі көңіл көтеру орындарында болуы) әкімшілік іс бойынша көшпелі сот отырысының көрсетілімі өтті.

http://sud.gov.kz/kaz/news/kostanay-oblysynda-okushylar-men-olardyn-ana-analaryna-sot-otyrysynynyn-korsetilimi-otti

0
0
389

«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты алдын алудың өзекті мәселелері»

2015 жылғы 6 сәуір күні «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты алдын алудың өзекті мәселелері» атты семинар шеңберінде Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығының тыңдаушылары – әкімдік пен мемлекеттік органдардың бөлім басшыларының алдында Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізгі бағыттары туралы» 2 сағаттық дәріс оқыды. А.С.Жұбаныш Стратегияда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мен Қылмыстық Кодексінің өзгерістері т…

0
0
346

Мұғалімдерге дәріс оқылды.

Бүгін 6 сәуір күні Департаменттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің қызметкерлері Жамбыл облысы бойынша «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру орталығында ағылшын пәні мұғалімдеріне дәріс оқыды. Бүгінде тұрмыстық жемқорлық кеңінен тараған салалардың бірі – білім саласы болғандықтан, педагогтарға «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясының» негізгі міндеттері түсіндірілді. Қоғамда орын алып жатқан жағдайлар бойынша мұғалімдер өз пікірлерін білдіріп, сұрақтарына жауаптар алды.

w1bfjrVxy2Fob2TwygsMHaw34OV4D5.jpg

0
0
359

Ата-аналар жиналысы өткізілді.

Ағымдағы жылдың сәуір айында Жамбыл облысының барлық аудандары мен Тараз қаласындағы мектептерде Департаменттің және аймақтық басқармалардың жауапты қызметкерлері кестеге сәйкес

ата-аналар жиналысын өткізуде.

Бүгін Тараз қаласының №1 мектеп гимназиясында және бірқатар аудандарда ата-аналар жиналысы өткізіліп, «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясының» негізгі міндеттері түсіндіріліп, мектептердегі мақсатсыз қаражат жинау мәселелері талқыланды. Жиналысқа қатысқан ата-аналардан әлеуметтік сауалнама алынып, сұрақтарға жауап берілді.

Жалпы облыс аумағы бойынша сәуір айында барлығы

128 ата-аналар жиналысын өткізу жоспарлануда.XA3AqP31Oc92zbL89sGnBr4Tn1D3At.jpg

0
0
1818

Қызылордада тағы да 3 «интеллектуалды қиылыс» іске қосылды

Қызылорда қаласының орталығында 2014 жылдан бастап екі «Интеллектуалды қиылыс» бағдарламасы іске қосылып, жол-көлік оқиғаларына әкеп соғатын өрескел құқық бұзушылықтарды анықтауға септігін тигізіп келеді. Мәселен, 2014 жылдың өзінде ақылды камералардың көмегімен 7 475 ұйғарым бойынша 104 063 880 теңге көлемінде айыппұл салынды. Ал, ағымдағы жылдан бастап бұл бағдарлама тағы 3 қондырғымен толығып, қала орталығындағы қозғалыс жанданған көше қиылыстарында, яғни, А.Байтұрсынов - Қорқыт Ата, А.Тоқмағамбетов - Желтоқсан және Қ.Яссауи - Қорқыт Ата көшелерінде орнатылды. Бұл қиылыстар төмендегідей құқық бұзушылықтарды анықтайды. Яғни; 1. Тоқтау сызығын бағдаршамның тыйым салынатын белгісіне өтіп кету. Аталған құқық бұзушылық жасаған тұлғаға ҚР ӘҚБтК-нің 601- бабының 1-бөлігіне сәйкес 5 айлық есеп…

0
0
410

Тәртіптік Кеңестің отырысы туралы бейнебаяндама

Павлодар қаласында Екібастұз қаласы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.З.Қасеновқа және Ертіс ауданы әкімінің орынбасары Е.М Рахимжановқа қатысты, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысындағы Тәртіптік кеңестің отырысы өтті.

8
0
412

Жүргізушісіз жүре беретін Roadrunner автокөлігі 5,5 мыңға жуық шақырымды бағындырды

Жүргізушісіз жүре беретін Roadrunner автокөлігі 5,5 мыңға жуық шақырымды бағындырды

«Delphi компаниясының жүргізушісіз жүре беретін Roadrunner автокөлігі Калифорния штатының Сан-Франциско қаласынан Ньюй-Йоркке келіп, 5,5 мыңға жуық шақырымды бағындырды», — деп хабарлайды Naked Science. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
170

Apple ақылды сағат шығарды

Apple ақылды сағат шығарды

Apple ақылды сағат шығарды. Сатылым 24 сәуір күні әлемнің сегіз елінде басталады.

Apple компаниясының «ақылды сағаттарына» тапсырыстар 10 сәуір күні солтүстікамерикалық уақыт бойынша сағат 12:01-де алына бастайды. Бұл турады компанияның ресми хабарламасына сілтеме жасаған ТАСС хабарлады. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
768