Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сарысу ауданының тұрғындарымен кездесу

2015 жылғы 3 сәуірде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары-Тәртіптік кеңестің төрағасы Ғ.С.Тұрсынбаев Елбасының Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» Сарысу ауданының тұрғындарына түсіндіру бойынша аудан тұрғындарымен кездесу өткізді. Кездесу барысында Ғ.Тұрсынбаев Стратегияның басым бағыттарына тоқталып өтіп, сыбайлас жемқорлықпен күрес баршамыздың міндетіміз екендігін атап өтті.
Кездесу соңынан Ғ.Тұрсынбаев «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ғимаратында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау жүргізді.
CZ0m1UVMRCZ24Jg19NzFAyFMMwNM33.jpg

0
0
491

Осы тақырып бойынша

Сарысу ауданының тұрғындарымен кездесу - Yvision.kz