Павлодар облысында ақпараттық-ағарту жұмысы жалғасуда
Ақпараттық-ағарту жұмысы аясында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшылығы және қызметкерлері жергілікті атқарушы мен аумақтық мемлекеттік органдар қызметкерлеріне, арнайы орта және жоғары білім беру мекемелердің оқытушылары мен студенттеріне Қазақстан Республикасы 2015-2025 жж. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы туралы мәліметті жеткізу мақсатында кездесу өткізілді.
Кездесуге жалпы саны 633 адам қатысты, соның ішінде Екібастұз қаласы әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілері, Еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті, Білім беру басқармасы, Қаржылық бақылау инспекциясы, Жер қатынастары басқармасы, Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің Павлодар облыстық аумақтық инспекциясы, Дене шынықтыру және спорт басқармасы, Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімі, Екібастұз қаласының зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы аймақтық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны Павлодар облысының филиалы, С.Торайғыров ПМУ, Алматы экономика және статистика академиясының Павлодар институты, Ақсу қаласының Ж.Мұса атындағы коледжі, Екібастұз қаласының Еуразиялық инновациялық коледжінің оқытушылары мен студенттері.
Кездесулер барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық бүктемелер таратылды.



