«Ордабасы» ФК ойындары тікелей эфирден көрсетіле бастады
5 сәуірден бастап Оңтүстікте алғаш рет «Ордабасы» футбол командасының Шымкенттегі кездесулері «Қазақстан-Шымкент» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметінен. Футбол жанкүйерлері үшін осы жағымды жаңалық облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының қолдауымен іске асып отыр. Бұдан былай «Ордабасының» шалғай ауылдардағы жанкүйерлері Шымкенттің Қажымұқан атындағы орталық стадионында өтетін ойындарды үйлерінде отырып-ақ тамашалайтын болады. Облыстық бас телеарнасы жасыл алаңдағы тартысты бәсекелерді жұртшылық назарына сапалы әрі уақтылы ұсынбақ. Тікелей эфирден берілетін матчтарды өңірге белгілі спорт журналистері жүргізетін болады. Айта кетерлігі, «Ордабасының» ел біріншілігі және ел кубогы жолындағы ойындары бұрын-соңды эфирден берілген е…

