Сарапшы: Иран санкциядан босатылса, мұнай бағасы 20 доллардан да төмендейді

Бірер күн бұрын АҚШ пен Еуроодақ Иранға қарсы қаржылық-экономикалық санкциялардың алынып тасталатынын мәлім етті. Осылайша Иран Ислам Республикасының ядролық бағдарламасына қатысты шекті келісім жасалғаны мәлім болды. Иран Сыртқы істер министрі Джавад Зариф пен Еуроодақтың дипломатия басшысы Федерика Могеринидің мәлімдеуінше, биылғы жылдың 30 маусымына дейін Иран Ислам Республикасынан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі мен Еуроодақ және АҚШ салған санкциялар алынып тасталады. Бұл ретте Еуроодақтың сыртқы істер және саяси қауіпсіздік кеңесінің жоғарғы өкілі Федерика Могерини «Біз шешуші қадам жасадық. Енді Еуроодақ ядролық бағдарламаға қатысты Иранға салынған экономикалық және қаржылық тыйымдардың күшін жояды. АҚШ та өз тарапынан санкцияларын алып тастауға келісті. Мұның бәрі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Иранның ядролық міндеттемелерін анықтаумен қоса жүзеге асырылады» деді. Сөйтіп, АҚШ пен Еуроодақтың шешімі бойынша биыл жаз Иран санкциялар бұғаттауынан босатылмақ. Ал халықаралық сарапшылар «Иран қаржылық, экономикалық санкциядан босатылып, өз мұнайын шет мемлекеттерге еркін тасымалдай бастаса, онда әлемдік нарықтағы мұнай бағамы 10-20 долларға дейін арзандап кетуі әбден мүмкін» деп дабыл қағып отыр. Осы ретте «Алаш айнасы» мәселенің мән-жайын талдап көрмек болды. Жалғасы мұнда: iskernews.kz
