Podcasts &Vodcasts немесе «Радионың білімдегі маңызы»

Подкастинг (Википедия) - https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%9F%D0%BE%D0%B4%D0%BA%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B8%D0%BD%D0%B3

Уикипедия бойынша подкастинг дегеніміз ғаламтор жүйесінде радио және теледидар бағдарламаларының стилінде дыбыс немесе бейне файлдарды (водкастарды) құру және тарату процесі (былайша интернеттегі радиохабар). Әдетте, подкасттардың белгіленген тақырыптары және жариялау жиілігі болады.
Podcast деп жазылу мүмкіндігі бар, бөлек аудиофайлды немесе сол интернет-ресурстарға жарияланған осы файлдардың арнасын атаймыз.
Қысқаша өз сөзіммен түсіндіргенде, кез келген мәліметті немесе радиодағы өзіңіз ұнататын бағдарламаны (жұмыс уақытында тыңдай алмағандықтан) аудиофайл ретінде т.б. көшіріп алып кешке үйден тыңдасаңыз, сол көшірмелерді подкаст болады. Бала кезімде (90 жылдардың ортасы)) әкем «Китайский» магнитофон алып келіп еді, сонда ең алғаш сатып аудиокассеталарым әлі есімде, олар Андрей Губин мен Анжелика Варумның өлеңдері жинағы болатын. Неге бұларды түсіндіріп жатырмын дейсіз ғой, мұнымен подкасты бұрыннан бері қолданып жүргенімізді айтқым келді (яғни аспаннан түспегенін)). Сол кездері таза аудиокассета қолға түспейтін. Ал ұнаған әншілердің кассеталарын сатып алу арзанға түспейтін және ұнайтын әндеріңнің радиодан берілуін күту де мүмкін емес еді. Сондықтан Андрей Губин және Анжелика Варумның кассеталарын «пида» етуге тура келдіJ. Ұнатқан әндерді, бағдарламаларды кассетаға жазып алып, кейін де тыңдайтын едік. Сонымен подкастың не екені белгілі болды ғой деймін, ендеше әрі қарай кеттік.
Сабақта подкасттарды қалай қолдануға болады?
Кей кездерде оқушылар ауырып қалып, үйінде отырады. Сол уақытта оқушыға қатыса алмаған жаңа сабақ материалын жүктеп алып, үйден дайындалуға берсе, қандай жақсы болар еді! Иә, оқушы ауырмаған жағдайда да, мысалы мұғалім өз сабақтарын (тақырыпты түсіндіру кезін) подкаст немесе водкаст ретінде жазып ғаламторға жүктесе, содан кейін оқушыларына сілтеме берсе, тақырыпты түсіндіру уақытын практикаға бөлсе, қандай тамаша (әрине бұл Flipped Classroom атты әдіске жатады, оны кейінгі поста түсіндіремін). Иә, өтіп жатқан тақырып бойынша дүниежүзілік ғалымдардың, басқа да пайдасы тиетін подкастарды жазып алып сабақтарыңызда қолдана аласыз. Тағы бір балама ретінде оқушыларыңыздан жоба (бұл Project Based Learning әдісіне жатады) тақырыпқа байланысты подкаст немесе водкаст жобасын дайындауды талап етуіңізге болады.
Подкастар тіл үйренуде өте маңызды әрі пайдалы құрал болып табылады. Тек өзіңізге ұнайтын каналды таңдап алсаңыз болғаны, сол каналға жазылып тыңдап, тілді үйрене беруіңізге болады.
Тағы да айта кететін жайт: қазіргі таңда дүниежүзі бойынша атағы шыққан көптеген университеттер ең танымал профессорларының дәрістерін iTunesU және т.б. құралдар арқылы тегін таратуда. Қорыта келгенде,
Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар.
Тілегенің алдыңнан,
Іздемей-ақ табылар. (Ы.Алтынсарин)
P.S. Водкасттың білім аясында маңызын түсіну үшін мына бір сілтеме арқылы Салман Хан атты адамның TED конференциясындағы сөзін тыңдауыңызға болады. Тек видео басталған соң орысша субтитрді қосуыңыз керек болады. (Subtitles атты түймені басып, Russian таңдау керек).
http://www.ted.com/talks/salman_khan_let_s_use_video_to_reinvent_education#t-41639
Мысал ретінде мына вебсайттарды да көруіңізге болады:
http://www.russian-podcasts.ru/
Web 2.0 How to for Educators by Gwen Solomon and Lynne Schrum, second edition, Washington 2014
