Мазмұнға өту

Жаңа

Ұлттық қор қолжетімді баспана үшін 150 млрд теңге бөледі.

Ұлттық қор қолжетімді баспана үшін 150 млрд теңге бөледі.

2020 бағдарламасы бойынша өңірлерді дамыту үшін 2015-2016 жылдарда 150 млрд теңге көлемінде ақша бөлінеді. Бұл сома екі жылдың ішінде игеріледі деп болжануда. Бұл туралы ұлттық экономиканың бірінші вице-министрі Марат Құсайынов айтып өтті.

«Жалпы бұл саланы қаржыландыру сомасы әртүрлі есеппен 250 млрд теңгеге дейін жетеді. Соның нәтижесінде 2015-2019 жылдары 1,4 млн шаршы метр тұрғын үй жалға берілмек», — дейді Марат Құсайынов. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
346

Машина жасау саласына 35 млрд теңге бөлінбек

Машина жасау саласына 35 млрд теңге бөлінбек

Еліміздің машина жасау саласын қолдау мақсатында 2015 жылда Ұлттық қордан 35 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Орталық коммуникация қызметі брифингінде ҚР ұлттық экономика бірінші вице-министрі Марат  Құсайынов мәлімдеді.

«Отандық машина жасау саласын, оның ішінде автомобиль, тікұшақ және жолаушы тасымалына арналған вагондар құрастыруды қолдау мақсатында 2015 жылы Ұлттық қордан 35 млрд теңге бөлінеді. Автомобиль өндірісіне — 20 млрд теңге, тікұшақ құрастыруға — 10 млрд теңге, вагон құрастыруға — 5 млрд теңге бөлінеді деп жоспарлануда», -деп анықтай кетті Марат Құсайынов. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
698

Қауіптен қауымдасып құтыламыз

Қауіптен қауымдасып құтыламыз

Әскери одақ, бірлескен оқу-жаттығу, қорғаныс саласындағы келісім… Соңғы кездері әлемде әскери бағыттағы әрекеттер күрт күшейіп, осындай шараларға белсенді түрде кіріскені байқалады.

Әртүрлі одақтар мен альянстарға біріккен мемлекеттер жеделдете кездесулер өткізіп, сырттан келер қауіп-қатерден ұйымдаса қорғану, қару-жарақ өндірісін өрістету сынды шарттарды шарт-шұрт етіп қабылдап та жатыр. Сонда жаңа ғасырдың «жауы» қай тұстан жалаңдап жеткелі тұр? Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
277

Алматы-1 – Шу бағытындағы теміржол телімі екінші желісінің құрылысын жүргізу және электрлендіру басталды

Алматы-1 – Шу бағытындағы теміржол телімі екінші желісінің құрылысын жүргізу және электрлендіру басталды

«Нұрлы жол» – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясаты аясында Алматы-1 – Шу бағытындағы теміржол телімі екінші желісінің құрылысын жүргізу және электрлендіру басталды.

Тоғыз жолдың торабына орналасқан Шу станциясынан 15 шақырым қашықтықтағы Кемер станциясынан бастау алған шараға шулық теміржолшылар қауымы көп жиналды. Өйткені, бұл – көптен күткен қуаныш еді. Ел тәуелсіздігі жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ы аса ірі жобаларды жүзеге асырып, көптеген жетістіктерге қол жеткізіп келеді. Оның қатарында жаңа заманауи талаптарға сай теміржол көліктерін әлемдік стандарттарға сай шығара бастады. Қазақстан Орталық Азияның хабына айналды. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
437

Бейбіт пен Қазыбек әлем чемпионы атанды

Бейбіт пен Қазыбек әлем чемпионы атанды

Сенбі күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында «Kunlun Fight» деп аталатын ірі халықаралық турнирдің жалауы желбіреді.

Айтулы жарыста АҚШ, Бразилия, Франция, Қытай және Оңтүстік Кореядан келген спортшылар қазақтың қайсар ұлдарымен жекпе-жекке шықты. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
281

Әніміз асқақ естілсін десек

Әніміз асқақ естілсін десек

Жарықтық Г.Н.Потанин ақжарқын мінезімізді, сауық­шыл­дығымыз бен білімқұмарлығымызды француздарға, ал жаңа­лыққа, даналыққа және өмірге құштарлығымызды ежелгі афин­діктерге-гректерге ұқса­тыпты.

«Қазақтар – пысық, пісіп-қатқан, өмірге құштар халық; олар ойын-сауыққа құмар, киімде ашық бояулыны, тұрмыста той-мерекені сүйеді. Өлгенді еске алу бұл халықта ойын-сауығымен, ат жарысымен, ән-күйімен, ақындар айтысымен, ұзаққа созылатын үлкен сауық-сал­танатқа айналады. Серілік өнер мен сән-салтанат қуу, бәлкім, қазақ­тарды кейбір жағдайда даңқ құмарлыққа баулитын сияқты» дейді. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
375

Германия Қазақстанның жетекші саяси және сауда серіктестерінің тобына кіреді — Е.Ыдырысов

Германия Қазақстанның жетекші саяси және сауда серіктестерінің тобына кіреді — Е.Ыдырысов

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов ГФР Бундестагының Вице-президенті Йоханнес Зингхаммермен кездесу өткізді.

Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында елдердің екіжақты ынтымақтастығының және ЕО шеңберіндегі ықпалдастығының басым мәселелері талқыланып, халықаралық күн тәртібінің ең өзекті мәселелері, атап айтқанда, Украинадағы жағдайды реттеу, Иран ядролық бағдарламасы, Ауғанстан тұрақты дамуы мәселелері туралы пікір алмасылды. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
563

«Қазпошта» басшысы өзінің жалақысы неліктен жоғары екенін айтты

«Қазпошта» басшысы өзінің жалақысы неліктен жоғары екенін айтты

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин компанияның директорлар кеңесіне өзінің жалақысын қысқарту туралы ұсыныс жасағандығын мәлім етті. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
386

Мадридтің «Реалы» қарсыластарының қақпасына допты қарша боратты

Испания чемпионатының 29 турында Мадридтің «Реалы» қарсыластарының қақпасына допты қарша боратты, ойынның қорытынды нәтижесінде корольдік клуб ойыншылары «Гранада» командасын 9:1 есебімен жеңді. Бірінші кезеңнің 25 минутына дейін «Гранада» командасы «Реалмен» тең ойнап жатты. Содан кейін қақпасына доп жауып кетті. Әуелі Гарет Бэйл есеп ашты. Одан кейін Роналду 8 минуттың ішінде қатарынан үш доп соқты. Бұл күні әйгілі футболшы Криштиану Роналдудың бағы жанған күн болды. Ол бес доптың авторы атанды. Осы турдың ойынына дейін ол 31 доп соғып, «Барселона» командасының сұр мергені Лионель Мессиден бір допқа қалып келе жатқан еді. Енді 36 гол соққан Роналду Испания чемпионатында жеке дара көш бастады. Осы күні «Барселона» «Сельта» командасына барып ойнап, қарсыластарын жалғыз голдың арқасында же…

0
0
237

Қызылордада «Жасөспірім» шарасының аясында ішкі істер органдарына 261 жасөспірім жеткізілді

Ағымдағы жылдың сәуір айының 01-10 күндері аралығында жасөспірімдер қылмысын ескерту және алдын алу, кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын арттыру, сондай-ақ теріс қылықтармен айналысатын жасөспірімдерді анықтап, дер кезінде шара қолдану және жасөспірімдер алдындағы ата-аналардың, заңды тұлғалардың жауапкершілігін арттыру бағытындағы жұмыстарды жандандыру мақсатында республика көлемінде «Жасөспірім» жедел-профилактикалық шарасы өткізілуде. Іс-шара барысында барлығы 290 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабының талаптарына сәйкес, кәмелетке толмағандарды тәрбиелеу және оқыту жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін 26 ата-анаға, ҚР ӘҚБтК-нің 442-1-бабының талаптарына сәйкес кәмелетке толмағандарды түнгі уақытта ойын-сауық кешендеріне заңды өкілінсіз…

0
0
569