«Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты алдын алудың өзекті мәселелері»

2015 жылғы 6 сәуір күні «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлықты алдын алудың өзекті мәселелері» атты семинар шеңберінде Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау, біліктілігін арттыру және мемлекеттік тілді оқыту орталығының тыңдаушылары – әкімдік пен мемлекеттік органдардың бөлім басшыларының алдында Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш «2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізгі бағыттары туралы» 2 сағаттық дәріс оқыды. А.С.Жұбаныш Стратегияда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру мен Қылмыстық Кодексінің өзгерістері туралы айтты.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызметті өткеру, тәртіптік жазалар қолдану т.б сұрақтарға жауаптар берілді.
