Ата-аналар жиналысы өткізілді.
Ағымдағы жылдың сәуір айында Жамбыл облысының барлық аудандары мен Тараз қаласындағы мектептерде Департаменттің және аймақтық басқармалардың жауапты қызметкерлері кестеге сәйкес
ата-аналар жиналысын өткізуде.
Бүгін Тараз қаласының №1 мектеп гимназиясында және бірқатар аудандарда ата-аналар жиналысы өткізіліп, «ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы 2015-2025 жылдарға арналған Стратегиясының» негізгі міндеттері түсіндіріліп, мектептердегі мақсатсыз қаражат жинау мәселелері талқыланды. Жиналысқа қатысқан ата-аналардан әлеуметтік сауалнама алынып, сұрақтарға жауап берілді.
Жалпы облыс аумағы бойынша сәуір айында барлығы
128 ата-аналар жиналысын өткізу жоспарлануда.
