Мазмұнға өту

Жаңа

Алдағы сынақтан сүрінбей өту...

Көктемнің шуақты күндерімен қоштасып, жаздың шырайлы күндерінің келуімен қатар жоғары сынып оқушылары, мектеп түлектері Ұлттық Бірыңғай Тестілеуден өтеді. Санаулы күндер кез-келген түлектің бойында қорқыныш сезімін тудырып, денсаулыққа кері әсерін тигізері анық. Сынақтан өту – адам өміріндегі ең маңызды шарттардың бірі болып табылады. Осыған орай, бүгінде мәселенің түп негізін шешуде бірнеше амалдар қарастырылып, қиындыққа төтеп беру жолдарына назар салсақ болғаны. Берик Айтбаев, Инновациялық Еуразия универсиетінің психологы, кәсіби бағдарлау және қабылдау орталығының директоры жоғары сынып оқушыларына арнайы психологиялық тұрғыдағы дәрістер оқып, сынаққа деген көзқарастарын оңтайлы етуге жағдай жасайды. Эмоциямен күресу жолдары: - Өзіңмен өзің оңаша қалған кезіңде жастықты ұру немесе құр…

0
0
494

Білікті маман болу әркімнің міндеті

Кез келген студенттің міндеті – жақсы іскер, өз ісінің маманы атану болып табылады. Бүгінде мамандықты дұрыс таңдау немесе болашақ қызметінді жаңаша тұрғыдан қарастырып, тереңінен меңгеру тағы бір мүмкіншіліктің туындағанын айтады. Елімізде жастар білімін жақсартуға бар мүмкіншілік жасалуда. Сонымен қатар, студенттер қауымына аса маңызды болып келетін академиялық мобильділіктің ұтқырлығы қаншалықты дамығанын беделді ұстаз бен білікті студенттен білуге болады. Академиялық мобильділік дегеніміз – жоғары оқу орнында білім алып жатқан студент пен зерттеушінің оқу, сабақ беру немесе зерттеу мақсатында, белгілі бір мерзімге өз еліндегі немесе басқа елдегі оқу орнына ауысуы. Негізінен, аталмыш мобильділік техникалық мамандар дайындауда кеңінен дамыған. Оған себеп болған еліміздің өндіріс жағдайы…

0
0
3665

«Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге» атты жастар форумы

Сәуірдің 10 жұлдызында Астана қаласының бел ортасында орналасқан Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жас Отан жастар қанатының белсенді жастарымен кездескен болатын. Форумға Қайрат Нұртас, Жанар Дұғалова, Денис Тен, Жасын Қанбаев, Алиә Телебарисова, Мадина Сәдуақасова сынды күнделікті еліміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген танымал жастар қатысты. Жалпы қатысушылар саны 2000-ға жуық болды. Өткен форумда Елбасымыз жастарға өз дәрісін оқытты. Өзінің дәрсінде ол қазіргі таңдағы өзекті мәселелер жайлы сөз қозғады. Негізгі сұрақ, әрине де, мемлекетіміздің әрі қарай гүлденіп, алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына кіруі үшін қажетті шаралар жайлы болды. Елбасымыз былайша жастарңға «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын түсндіріп өтті:- Тоныкөк абыз а…

1
0
4051

«Ауызға» тиым салу...

Соңғы жылдары қоғамдық жерлердегі тәртіп қатаң қадағаланып, шылым шегіп, шемішке шағуға тыйым салынған болатын. Аталмыш заң қоғамдағы мәдениеттің артуына септігін тигізері анық, дегенмен әдепке мойынсұнбай жүрген азаматтарымыз жүрген жерінде түкіруді де қоймайды... Кәрі-жастың барлығы асыға күтетін жаз да келіп жетті. Саябақ пен мәдениет орталықтары, қоғамдық орындарда көпшілік серуендеп, таза да сәулетті жерлермен тамсануды көздейді. Жылдың қай мезгілі болмасын адам баласы адамға зиян келтірмеуі тиіс. Жақында кітапханадан қайтып келе жатып, жол бойында өзіммен шамалас жастарға көзім түсті. Сыртқы келбеті жарасымды, сәннің соңғы үлгісі бойынша киінген азамат достарының арасында әңгіме-думан құрып келе жатқаны бірден байқалды. Алыстан байқаған ер азаматтар дәл алдымнан шыққан уақытта сол қ…

0
0
596

Департамент жанындағы кезекті қоғамдық кеңес отырысы өткізілді

2015 жылдың 9 сәуірінде ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департаменттің жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өткізілді. Қоғамдық кеңес отырысының бекітілген күн тәртібінің алғашқы мәселесі бойынша сөз алған департаменттің басқарма басшысы – Аманқос Жұбаныш Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын жүзеге асыру үшін қабылданған Жоспарлардың орындалуы бойынша баяндама жасады. Қоғамдық кеңес отырысының күн тәртібіне қойылған келесі мәселе бойынша Департаменттің бөлім басшысы – Жақсат Мұратов Орталық мемлекеттік органдардың аумақтық мекемелерінде мемлекеттік қызмет көрсету тиімділігін жыл сайынғы бағалау аясында жүргізілген ақпараттық есептеріндегі мәліме…

0
0
571

ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың «Тұран-Астана» студенттерімен және ұстаздарымен өткізген кездесуі

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов «Тұран-Астана» студенттерімен және ұстаздарымен кездесті. Кездесу барысында Әбілғазы Құсайынов жиын қатысушыларын экологияның қазіргі проблемаларын қозғайтын сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды. Ә.Құсайынов жиылған жұртқа тіршіліктің «жасыл» векторының ғылыми негіздемесі туралы, оның ішінде қоғамды кезең-кезеңмен экологияландырудың қандай күрделі әрі өзекті міндет болып табылатыны туралы әңгімелеп берді. Бұл – дамудың алдағы жоспарын мұқият зерттеу арқылы ғана қол жеткізуге болатын жаһандық мақсат. Кандидаттың айтуынша, әлемдік экологиялық мәселелерге тиісті деңгейде назар бөлінбеуі оның маңыздылығын түсінуде кедергі болып отыр. «Экология – адамзат тіршілігінің маңызды факторы. Біздің айналамыздағының…

0
0
363

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс президент сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Корнелия Йонкермен кездесуі

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Астана қаласындағы республикалық штабында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс президент сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Корнелия Йонкермен кездесті. Кездесу барысында ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов ЕҚЫҰ өкілдерін республикалық штабтың жұмысымен таныстырып, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретіндегі болашақ жоспары жайында әңгімелеп берді. «Бүгінге дейін 5 аймақты аралап, Астана қаласында бірнеше кездесу өткізіп үлгердік. Жалпы алғанда, сайлаушылармен 12 кездесу өткізіп, онда сайлауалды бағдарламаммен таныстырдым, сайлаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап бердім», - деді Ә.Құсайынов. Сонымен қ…

0
0
717

ҚКХП ұсынған Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың Шымкент және Қызылорда қалаларындағы аймақтық сайлауалды штабтарының іс-шаралары

Бүгін ҚР президенттігіне кандидат Т. Сыздықовтың Шымкент қаласындағы сайлауалды штабы атқарылып жатқан жұмыстары туралы есеп берді. Насихат жұмыстарының барысы туралы сайлауалды штабтың жетекшісі Нұрлан Қадырқұлов айтып берді. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы сайлауалды штабының қарқынды ақпараттық қызметі туралы баяндады: сенімді тұлғалар облыс тұрғындары арасында ақпараттық саясатты жүргізумен айналысуда. Штаб жетекшісінің айтуынша, насихат жұмыстары жүргізіліп, студенттер және еңбекші ұжымдарымен кездесулер ұйымдастырылуда. Сонымен қатар, штаб кеңсесі журналистер және бақылаушылар үшін әрдайым ашық, үгіт насихат материалдарымыз жеткілікті және кандидаттың сайлауалды тобының мүшелері керекті кеңестерді беруге әзір. Кандидат Т.Сыздықовтың сенімді тұлғасы З.Мұхамеджанов сайлауалды тұғырнаманы…

0
0
276

ҚКХП ұсынған ҚР президенттігіне кандидат Тұрғын Сыздықовтың Өскемен қаласындағы «Защита локомотив жөндеу ДЭПО-сы» жұмысшыларымен өткізген кездесуі

Бүгін ҚКХП ұсынған Президенттікке кандидат Тұрғын Сыздықов «Защита локомотив жөндеу ДЭПО-сы» жұмысшылар ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кандидат Сыздықов өзінің сайлауалды тұғырнамасының басты бағыттарымен таныстырды. Кездесу кезінде кандидат батыстық стандарттар мен тұтынушылық мәдениеттің теріс ықпалына тоқталып өтті. «Бүгін буындары қатып үлгермеген әлемнің барлық жастары батыстық киімдерді киеді, шетел әуендерін тыңдайды, голливудтық фильмдерді және сериалдарды көреді. Мұның барлығы – жай бос уақыт өткізу емес, бұл тұтыну мәдениетінің жалпыға бірдей таралу үрдісі. Дәстүрлі адами құндылықтарды насихаттауды жоққа шығарып, жат үлгілер мен өмірлік шарттарды көзсіз көшіру адамилықтан ауытқуға, жекелей енжарлыққа, жалпы материализм мен азаматтық немқұрайдылыққа әкеледі», - деп атап өтт…

0
0
518