Білікті маман болу әркімнің міндеті
Кез келген студенттің міндеті – жақсы іскер, өз ісінің маманы атану болып табылады. Бүгінде мамандықты дұрыс таңдау немесе болашақ қызметінді жаңаша тұрғыдан қарастырып, тереңінен меңгеру тағы бір мүмкіншіліктің туындағанын айтады.
Елімізде жастар білімін жақсартуға бар мүмкіншілік жасалуда. Сонымен қатар, студенттер қауымына аса маңызды болып келетін академиялық мобильділіктің ұтқырлығы қаншалықты дамығанын беделді ұстаз бен білікті студенттен білуге болады.
Академиялық мобильділік дегеніміз – жоғары оқу орнында білім алып жатқан студент пен зерттеушінің оқу, сабақ беру немесе зерттеу мақсатында, белгілі бір мерзімге өз еліндегі немесе басқа елдегі оқу орнына ауысуы.
Негізінен, аталмыш мобильділік техникалық мамандар дайындауда кеңінен дамыған. Оған себеп болған еліміздің өндіріс жағдайын жақсарту, яғни ел игілігі үшін еңбек ету мақсатында жастарға дұрыс бағыт беру, жан жақты тәлім беру керек екенін аңғару қажет.
«Журналистика және орыс филология» кафедрасының доценті, филол.ғ.к.,
«ТМЖ-ның мобильді ғалымы -2011» халықаралық гранттың иегері
Жібек ИСАЕВА:
Студенттердің оқыту бағдарламалары шеңберінде академиялық оңтайлылыққа шығуы тілдік дайындыққа өзгеше қарау керек екенін талап етіп отыр.
Өкінішке қарай, Қазақстан Республикасының ішкі білім саласы кеңістігінде академиялық оңтайландыру бағдарламасы бойынша жұмыстар енді қолға алынуда. Академиялық алмасуға ұсыныстар еліміздің 18 жоғарғы оқу орнына жолданып, 12-мен келісім-шарт жасалды. Жаһандық білім беру кеңістік жағдайында ЖОО оқытушылары және студенттерінің академиялық мобильдiлiгінiң даму болашағының барына сенімдіміз!
