Мазмұнға өту

Жаңа

Қазақстан кімге қарыз?

Қазақстан кімге қарыз?

Қазақстан Республикасының қарызы жылдан-жылға артып келеді, деп хабарлайды «Kapital.kz»  сайтына сілтеме жасаған «Iskernews.kz»

Мәселен, 2013 жылы еліміздің сыртқы қарызы 149,9 миллиард доллар болса, 2014 жылдың соңында оның көлемі 157 миллиардқа дейін жетті. Осы ақшаның 93,6 пайызы (147,1 млрд.) ұзақмерзімді несие ретінде алынса, 6,4 пайызы (9,9 млрд.) — қысқа мерзімді займдар. Жалпы, қарыздың жартысынан көбі жеке меншік компаниялардың еншісінде, яғни ол ақша тікелей инвестиция ретінде нақты бір салаға құйылды. Қарыздың 6,4 пайызы банктерге тиесілі болса, 4,6 пайызын мемлекеттік басқару органдары алған. Ақшаның басым бөлігін 25 пайыздық үсетемақымен қайтару қажет. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
603

Үздік театр анықталды

Үздік театр анықталды

Шымкентте өткен елімізге танымал театрлардың фестивалі өз мәресіне жетті. Бұл додада өнер майталмандары жан-жақты шеберліктерін көрсетті.

Осымен үшінші рет ұйымдастырылған фестиваль апта бойы жалғасып, жұртшылықты рухани азыққа қандырды. Бұған дейін Астана, Қарағанды қалаларында өткен шараның биыл оңтүстік өңірде өтуінің өз себебі бар: мұнда елімізді мекендеген 130-ға тарта ұлт пен ұлыстың 80-нен астамы қоныстанған. Этномәдени орталықтардың төл театрлары түрлі ұлттардың дәстүрлерін сақтауға септігін тигізіп келеді, деп хабарланған ОҚО әкімінің ресми сайтында. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
844

Экобекет өнеркәсіп компанияларына деген сенімді күшейте ме?

Экобекет өнеркәсіп компанияларына деген сенімді күшейте ме?

Теміртау қаласында автоматтандырылған алғашқы экологиялық бекеттер орнатылды. Халық «зиянды қалдықтардың қаланы қаншалықты ластайтынын енді нақты білеміз» деп үміттенеді. Теміртау тұрғындары мен экологтары талай жылдан бері экологиялық бекет орнатуды сұрап келген еді. Бірақ Теміртау қаласы ауасын өнеркәсіп қалдықтарымен ластап отырған ең ірі кәсіпорын «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы түрлі сылтау тауып, экологиялық бекеттерді санитарлық қорғау аймағында ғана орнатуға уәде беріп келген. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
561

Жеңілдетілген автонесие тозығы жеткен көліктерден құтқара ма?

Жеңілдетілген автонесие тозығы жеткен көліктерден құтқара ма?

Деректерге жүгінсек, қазір елімізде 3,5 млннан астам жеңіл автокөлік тіркелген. Сол 3,5 млн көліктің тек 12 пайызы ғана жеті жыл бұрын зауыттан шыққан. Ал қалғаны тым көне. Тіпті қолданысқа енгеніне 20-25-30 жыл болған көліктер бүгінде бізде жетіп-артылады. Еуропамен салыстырсақ, онда автомобильдердің орташа жасы сегіз жылдан аспайды. 10 жылдан асқан көліктерді Еуропа халқы бірден өтелге (утилизацияға) өткізеді. Ал біздегі жағдайды олармен салыстыруға тіптен келмейді. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
480

Қанат Ислам мен Жанат Жақиянов WBA рейтингіндегі көрсеткіштерін жақсартты

Қанат Ислам мен Жанат Жақиянов WBA рейтингіндегі көрсеткіштерін жақсартты.

WBA  нұсқасы бойынша барлық салмақ дәрежесіндегі әлем боксшыларының жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлады  Sports.kz.

Бұған сәйкес, Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ дәрежесінде (90,7 келіге дейін) екінші орынды сақтап қалды. Бірінші орта салмақта (69,8 келіге дейін) Қанат Ислам тоғызыншы орыннан сегізіншіге көтерілді. Жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) күш сынасатын  Жанат Жақиянов бесінші сатыдан үшінші орынға дейін көтеріліп, жағдайын жақсартты.

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
0
0
183

«Бірлік- Единство. kz»

«Бірлік- Единство. kz»Павлодар қаласында 8 – 9 күндері осымен V рет ұйымдастырылып келе жатқан «Бірлік- Единство.kz» атты шекаралық ынтымақтастықтың жастар этномәдени форумы өтті. Форумды ұйымдастырғандар Павлодар облысы әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті өкілдігі және жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы. Форумға Қазақстан, Ресей Федерациясы, Армения, Белорусь, Қырғызстан, Германия, Корея, Тәжікістан және Польша мемлекеттерінің жастары қатысты. Аталмыш шараның басты мақсаты: Достық байланысты нығайту және жастар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, басқа ұлттардың рухани, тарихи, мәдени құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. «Бірлік- Единство.kz» атты шекаралық ынтымақтастықтың V жастар этномәдени форумының қатысушылары Қазақстанда өздерінің қатарла…

0
0
385

Жаныңда жүр Қаһарман...

9 Мамыр Ұлы Жеңістің 70жылдығы қарсаңында мектебіміздің директоры Сауле Рахымқызымен ардагер ата Успанов Шанхай Мергалиұлымен кездесуге бардық.. Ол бір қарағанда қарапайым қария болып көрінгенмен, өмірі тұнып тұрған тарих екеніне көз жеткіздік. Сол күн біздің жадымызда өмір бойы сақталып қалатынына сенеміз.Бізді жарқын жүзді, омырауы медаль мен ордендерге толы ата күлімсіреп қарсы алды. Бізді қонақ бөлмеге жайғастырған соң, еңбек пен ерлікке толы өмірі жайында әңгімесін бастады. Успанов Шанхай Мергалиевич Ұлы Отан соғысының ардагері. Ол 1925 жылы 15 шілдеде дүниеге келген. Ардагер атаның бөлмесінде столдың үстінде тұрған компьютерге көзіміз түсті. Ата жасыңа қарамастан заманауи технологияны игеріп алғаны біз үшін таңғанарлық болды. Әкесі Успанов Мергали Оспанович 1891 жылы 23 ақпанда Ақтө…

1
0
1963

Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні Департаменттің жұмыс тобы үгіт-насихат жұмыстарымен Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында болды.

2015 жылдың 10 сәуір күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын түсіндіру үшін Департамент қызметкерлерінен құрылған жұмысшы тобы Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданына барды. Жұмыс тобының іс-сапары, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаудан басталды. Қабылдауда аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің бас редакторы, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және шаруа қожалық қызметкері болды. Олар мемлекеттік қызмет саласына және мемлекеттік бағдарламаларға қалай қатысу жолдарын түсіндіру бағытында, сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресу мәселелерімен қатар, мемлекеттік сатып алу барысында тауарлардың сапасына көңіл аудару мәселесін көтерді. Кейін, аудандық әкімдікте аудан активінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қ…

0
0
1100

«Қазақия 2015» блог-сапары басталды

Бүгін, 2015 жылдың 11 сәуірінен Қазнетте баламасы жоқ «Қазақия 2015» байқауына қатысушылар өз бағытындағы алғашқы стансасы – Алматы қаласында байқау сапарын бастап кетті. Іріктеуден өткен блогерлер тобы алдын-ала құрған жоспарлары бойынша әр стансадан әлеуметтік желілерде пост жазулары тиіс. «Қазақия 2015» – Қазақстанның бірнеше облысы мен қаласын қамтитын блог-сапар. Шарт бойынша байқау қатысушылары 12 күн ішінде 12 стансаны (Алматы, Сарыөзек, Үштөбе, Аягөз, Риддер, Семей, Ақсу-2, Екібастұз, Теміртау, Жаңаарқа, Жезқазған, Астана) темір жолмен басып өтеді. Блог-сапардың мақсаты – елімізді жаңа қырынан танытып, қазақтілді интернет кеңістікті сапалы мәтіндік, бейне, фото, аудио контентпен толықтыру. Байқаудың жүлде қоры – 1 миллион теңге. Байқауға іріктеу 26 наурыздан басталып, алғаш өтініш…

0
0
420