Мазмұнға өту

Жаңа

Балықтан 5 есе жылдам адам

Балықтан 5 есе жылдам адам

Олимпиада ойындарының тарихындағы жүлде қоры (22) бойынша рекорд орнатушы. 18 дүркін олимпиада ойындарының жеңімпазы, 50 метрлік бассейнде 26 дүркін әлем чемпионы – америкалық Майкл Фред Фелпс. Лақап аты — «Балтимор оғы».

Майкл Фелпстің ерекшелігі неде? Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
467

Астанада барлық ардагерлер баспанамен қамтылды

Астанада барлық ардагерлер баспанамен қамтылды

Бүгін Астанада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған іс-шаралар жоспары жарияланды.

Мерейтойлық күнді тойлау аясында ҚР Қорғаныс министрлігі кешенді іс-шаралар жоспарын әзірледі. Жоспар бойынша әскери-патриоттық акциялар, сайыстар, мәдени-ойын-сауық және бұқаралық спорттық іс-шаралар өтеді. Мерекенің басты шарасы — 7 мамырда өтетін әскери шеру. Бұл еліміздің әскери қуатын толықтай көрсететін ҚР Қарулы күштерінің тарихындағы ең үлкен шеру болмақ. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
427

Елбасы Қазақстанның ДСҰ-ға енуін шегеріп отырған себептерді түсіндірді

Елбасы Қазақстанның ДСҰ-ға енуін шегеріп отырған себептерді түсіндірді

Әлемде мінсіз, еркін нарықтық экономика іс жүзінде жоқ. Бұл туралы бүгін «Елбасымен бірге – жаңа жетістіктерге!» атты жастар форумы барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайдыBNews.kz тілшісі.

«Әлемде мінсіз, еркін нарықтық экономика іс жүзінде жоқ. Алайда, әр елдің өз мүддесіне сай қолданатын нарықтық реттеуіштері бар. Барлық дамыған мемлекеттер өз өнеркәсіптерін, ауыл шаруашылығы мен бизнесін тікелей дотациялар арқылы қолдап отырады», — деген Н.Назарбаев мұның арқасында шетелдік өнімдерге тосқауыл қойылып отырғанын тілге тиек етті. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
392

Мемлекет басшысы Денис Тендi жастарға үлгi еттi

Мемлекет басшысы Денис Тендi жастарға үлгi еттi

Бүгiн Астанада өтiп жатқан «Елбасымен бірге – жаңа жетістіктерге!» жастар форумы барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев белгiлi спортшы Денис Тендi елiмiздiң жастарына үлгi еттi, деп хабарлайдыBNews.kz тiлшiсi.

«Жақсы оқып, мамандық алып, қоғамда өз орныңды табу өте маңызды. Залда белгiлi мәнерлеп сырғанаушы Денис Тендi көрiп отырмын. Жаңа байқағаным, ол залда жалғыз өзi Туға қарап тұрып, елiмiздiң Әнұранын шырқады. Одан басқа ешкiм мұны жасаған жоқ. Бұл оның бойында жарыстардағы жеңiсiнен кейiн қалыптасқан. Денис егер чемпион үнемi жаттықпаса, келесi Олимпиадаларда жеңiске жетпейтiнiн жақсы бiледi. Өмiрде де солай. Бiз бүгiнде зор жетiстiктерге қол жеткiздiк, бiрақ егер тоқтасақ, соңымызда келе жатқандар бiздi басып озады», — дедi Елбасы. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
450

12 жылға созылған дау: «Иран ісі» аяқталды ма?

12 жылға созылған дау: «Иран ісі» аяқталды ма?

Иран мен алып «алтылықтың» мәмілеге келуін экономикалық шектеулерден шаршаған парсылар ғана емес, күллі әлем тағатсыздана күтті. 26 наурызда басталған келіссөз марафоны ары кетсе 31 наурызда аяқталар деген болжам расталмай, БАҚ біткен 8 күн бойы Лозаннаға телмірумен болған. Тараптардың талас-тартысы күшейген сайын келісімнің ауылы алыстай ма деген күдік дендегені рас. Бірақ 12 жылға созылған пікірталас екі жақты да қажытқанға ұқсайды. Келіссөзді мәмілелі мәреге жеткізу үшін Иран да, оны ортаға алған «алтылық» та соңына дейін шыдап бақты. Бейсенбіде басталған басқосу араға бір апта салып, бейсенбіде бітімге келді. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
252

Білім саласы: әрі тарт та, бері тарт

Білім саласы: әрі тарт та, бері тарт

Білім — инемен құдық қазғандай аса күрделі процесс. Оны пәлсапашыл қазақ халқы баяғыдан-ақ байқаған. Соған қарамастан, қылыштың қырындай өткір саланың төңірегінде Қазақстанда дау-дамай жиі көтеріледі. Қарап отырсақ, аспаннан күбі түсірген, күбінің түбін түсірген білім беру жүйесі білім министрі ауысқан сайын өзгеріске ұшырайды не болмаса өзгеріске ұшырауға дайындық үстінде болады екен. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
1303

Мемлекет өз мүлкін бизнеске тапсырды

Мемлекет өз мүлкін бизнеске тапсырды

Қазақстанда мемлекет нарық пен бизнестен бірте-бірте кетуге шешім қабылдады. Олардың тізгіні то­лығымен дерлік бизнесмендердің қолына беріледі. Бұл – әлемдегі ең дамыған елдердің үлгісі.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өткен кешегі жалпы отырыстарында сенаторлар ел өміріне үлкен өзге­рістер әкелетін жаңа тұрпатты заңның жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
448

«Нұрлы жол» — инновация жолы

«Нұрлы жол» — инновация жолы

Қазақстанда болашақта ең жоғары сапалы бензин құны 40 теңге ғана болуы мүмкін! Бұған еліміз инновацияның арқасында қол жеткізбек.

Кеше Астанада ұйымдастырылған жиында Үкімет өкілдері мен отандық ғалымдар еліміздің жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру барысында «ғылым мен өндірістің өзара әрекеттесуі» мәселелерін қарады. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
387

«Алтын сапа» алсаң, тексеруден құтыласың

«Алтын сапа» алсаң, тексеруден құтыласың

Президенттік «Алтын сапа» сыйлығына биыл өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп отыр. Біріншіден, осы жылдан бастап «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» көрмесін Ұлттық кәсіпкерлер палатасы ұйым­дастырады. Жалғасы мұнда: iskernews.kz

0
0
395

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Корнелия Йонкермен кездесуі

Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайыновтың Астана қаласындағы республикалық штабында Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов Қазақстан Республикасындағы кезектен тыс президент сайлауын бақылау жөніндегі ЕҚЫҰ/ДИАҚБ миссиясының басшысы Корнелия Йонкермен кездесті. Кездесу барысында ҚР Президенттігіне кандидат Әбілғазы Құсайынов ЕҚЫҰ өкілдерін республикалық штабтың жұмысымен таныстырып, Қазақстан Республикасы Президенттігіне кандидат ретіндегі болашақ жоспары жайында әңгімелеп берді. «Бүгінге дейін 5 аймақты аралап, Астана қаласында бірнеше кездесу өткізіп үлгердік. Жалпы алғанда, сайлаушылармен 12 кездесу өткізіп, онда сайлауалды бағдарламаммен таныстырдым, сайлаушыларды қызықтырған сұрақтарға жауап бердім», – деді Ә.Құсайынов. Сонымен қ…

0
0
386