«Елбасымен бірге – жаңа жеңістерге» атты жастар форумы
Сәуірдің 10 жұлдызында Астана қаласының бел ортасында орналасқан Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Жас Отан жастар қанатының белсенді жастарымен кездескен болатын. Форумға Қайрат Нұртас, Жанар Дұғалова, Денис Тен, Жасын Қанбаев, Алиә Телебарисова, Мадина Сәдуақасова сынды күнделікті еліміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген танымал жастар қатысты. Жалпы қатысушылар саны 2000-ға жуық болды. Өткен форумда Елбасымыз жастарға өз дәрісін оқытты. Өзінің дәрсінде ол қазіргі таңдағы өзекті мәселелер жайлы сөз қозғады. Негізгі сұрақ, әрине де, мемлекетіміздің әрі қарай гүлденіп, алдыңғы қатарлы мемлекеттер қатарына кіруі үшін қажетті шаралар жайлы болды. Елбасымыз былайша жастарңға «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын түсндіріп өтті:- Тоныкөк абыз айтқан: «түрік жұртының мұраты – мәңгілік ел» деген сөз. Ата-бабамыздың ойы сол болатын. Халқымыздың елін мәңгілік ету. Бабалардың арманы, бүгінгі биік мақсаттар – бәрі үндесіп жатыр. Қазақстанның ұлттық идеясы – «Мәңгілік ел» осыдан туындаған. 2050 жылғы бағдарлама, 30 елдің арасына ену, «Нұрлы жол», барлық істеп жатқанымыздың түп-тамыры осындай мемлекет құруға негізделеді. Ұлттық идеяны белсене іске асыратын сіздер, жас ұрпақтың алғашқы легі боласыздар. Түмен күнге жететін тәуелсіз ұрпақтың көші сендерден басталады.
Дәріс пайдалы, сонымен қатар, өте қызықты өтті. Өйткені форум барысында Елбасымыз жастар үшін маңызды ақпаратты өсиет ретінде жеткізді. Елбасымызды жақыннан көру, әрине де, әр жас азаматтың арманы. Сондықтан да, өзімнің сол адамдардың қатарына кіретінім үшін қуаныштымын. Елбасы өз дәрісін аяқтаған соң, сөз кезегі еліміздің танымал жастарына берілді. Оның ішінде елімізге мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш медальды әкелген Денис Тен де болды. Жас болса да, өз өмірінде еліміз үшін маңызды біраз белестерді бағындырған Денистің қарапайым, білімді, ашық адам ғана емес, сонымен қатар, өз елінің нағыз патриоты екендігі де білініп тұр. Өз сөзінде Денис Тен олимпиадада жеңіс алып, көтерілген Туымыз дыкөріп, ойнаған Әнұранымызды естігендегі сөз жетпес мақтаныш пен қуаныш сезімі жайлы айтты. Айта кету керек, Елбасымыз форумның басынан-ақ Денис жайлы айтып кетті. Нұрсұлтан Әбішұлы оның сол форумға қатысушылардың ішінен Әнұран ойнағанда Туға қарап тұрған жалғыз адам екендігін аңғарды. Жалпы, әрбір шығып сөз сөйлеген жастың жалынды сөздері қатысушалрды рухтандырып отырды. Форумның соңында жастар Елбасымен бірге Б.Тілеухановтың әні мен Елбасымыздың сөзіне жазылған Елім менің атты әнді орындады. Бұл ән бүгінгі күнде Жас Отан жастар қанатының әнұранына айналып отыр. Жастардың жүзінен езу тиылмады. Форумның 2 сағатқа созылғанына қарамастан, бәрінің де көңіл-күйі форумнан алған өсиет пен қуаныштың арқасында өте жақсы болды. Бұл форумның оған қатысушы әрбір жас үшін маңызды болып, белгілі бір ой тастап, жаңа белестерді бағындыруға қанаттандырғанына сенімдімін.

