Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қанат Ислам мен Жанат Жақиянов WBA рейтингіндегі көрсеткіштерін жақсартты

Қанат Ислам мен Жанат Жақиянов WBA рейтингіндегі көрсеткіштерін жақсартты.

WBA  нұсқасы бойынша барлық салмақ дәрежесіндегі әлем боксшыларының жаңартылған рейтингі жарияланды, деп хабарлады  Sports.kz.

Бұған сәйкес, Бейбіт Шүменов бірінші ауыр салмақ дәрежесінде (90,7 келіге дейін) екінші орынды сақтап қалды. Бірінші орта салмақта (69,8 келіге дейін) Қанат Ислам тоғызыншы орыннан сегізіншіге көтерілді. Жеңіл салмақ дәрежесінде (53,5 келіге дейін) күш сынасатын  Жанат Жақиянов бесінші сатыдан үшінші орынға дейін көтеріліп, жағдайын жақсартты.

   
Басты сөздер: Спорт
АСТАНА. ҚазАқпарат
 
0
0
177

Осы тақырып бойынша

Қанат Ислам мен Жанат Жақиянов WBA рейтингіндегі көрсеткіштерін жақсартты - Yvision.kz