Ағымдағы жылдың 10 сәуір күні Департаменттің жұмыс тобы үгіт-насихат жұмыстарымен Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында болды.

2015 жылдың 10 сәуір күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның міндеттері мен мақсатын түсіндіру үшін Департамент қызметкерлерінен құрылған жұмысшы тобы Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданына барды.
Жұмыс тобының іс-сапары, азаматтарды жеке сұрақтарымен қабылдаудан басталды. Қабылдауда аудандық «Қаратөбе өңірі» газетінің бас редакторы, аудан әкімі аппаратының қызметкерлері және шаруа қожалық қызметкері болды. Олар мемлекеттік қызмет саласына және мемлекеттік бағдарламаларға қалай қатысу жолдарын түсіндіру бағытында, сыбайлас жемқорлықпен қарсы күресу мәселелерімен қатар, мемлекеттік сатып алу барысында тауарлардың сапасына көңіл аудару мәселесін көтерді.
Кейін, аудандық әкімдікте аудан активінің қатысуымен семинар-кеңес өткізілді. 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізгі бағыттары және мемлекеттік қызмет саласындағы өзгерістер жөнінде Департаменттің мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.С.Жұбаныш баяндама жасады.
Ол Стратегияда көрсетілген мақсаттар мен міндеттерге тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресуде мемлекеттік органдар мен қоғамдық институттардың ынтымақтастығы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы азаматтарды тұрақты түрде ақпараттандырып тұру, мемлекеттік қызметке меритократия қағидасы бойынша тағайындау, протекционизм мен аффилирлену көріністерін жою мәселелеріне ерекше тоқталып, жаңа Қылмыстық Кодексіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған тұлғалардың белгілі бір мемлекеттік қызметпен айналысуға өмір бойына құқығынан айырылатындығы, ескіру мерзімі және шартты түрде бас бостандығынан айырылу түсініктерінің алынып тасталғандығы туралы ақпараттандырды.
Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияны талқылау барысында аудандық «Нұр Отан» партиясының төрағасы Е.Жәнібеков осы салада партия тарапынан атқарылып жатырған жұмыстар туралы баяндаса, біріңғай тәртіптік кеңес төрағасы аудан әкімінің орынбасары Р.Иманғалиев аудан әкімі жанындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы» комиссиясының жұмысы туралы баяндама жасады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар Қаратөбе агро-техникалық колледжі мен аудандық мектеп гимназиясында жалғасын тапты. Шара барысында Департаменттің Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі М.С.Нұртазин Департамент жұмысының мақсаттары мен міндеттеріне тоқталып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамның, соның ішінде жастардың рөліне тоқталды.
Мектепте азаматтық құқықтарды терең меңгеру және жоғары адами құндылықтарға жастарды тәрбиелеу мақсатында, «Сыбайластық. Жемқорлық. Парақорлық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Сабаққа мектептің 10 сынып гимназиясының оқушылары қатысты.
Сабақта ойын элементтері қолданылып, видеоролик және слайдтар көрсетілді. Оқушылар психологиялық ахуалды реттеу яғни, «Шаттық шеңбері», «Менің бойымдағы ең жақсы қасиет» тақырыптарында топтарымен қызу жұмыстанды. Оқушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы сауаттандыру және жұртшылықпен өзара іс-қимыл жасау бөлімінің консультанты Е.Т.Төлепқалиев дәріс оқыды.
Департаменттің жұмыс тобы іс-сапардың қорытынды шарасын аудандық халыққа қызмет көрсету орталығы өткізді. Бұл жерде орталық қызметкерлеріне «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы мен оның ашық болуы туралы Тәртіптік кеңес хатшылығының меңгерушісі М.С.Нұртазин түсінік берді. Сонымен қатар, Қаратөбе аудандық «Жастармен жұмыс орталығы» мен «Мұхит жастары» ЖҚБ ұйымдастыруымен «Жемқорлық түбі қорлық» атты жастар акциясы ұйымдастырылды. Акция барысында ауыл тұрғындарына арнайы жасалған жаднамалар, 1494 call-center номерлері бар визиткалар, «Сыбайлас жемқорлықпен күрес саясаты» журналдары таратылды. Акция «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз, қоғамды жемқорлықтан қорғаймыз» ұранымен аяқталды.


