Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Бірлік- Единство. kz»

«Бірлік- Единство. kz»
Павлодар қаласында 8 – 9 күндері осымен V рет ұйымдастырылып келе жатқан «Бірлік- Единство.kz» атты шекаралық ынтымақтастықтың жастар этномәдени форумы өтті. Форумды ұйымдастырғандар Павлодар облысы әкімдігі, Қазақстан халқы Ассамблеясының жергілікті өкілдігі және жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасы.
Форумға Қазақстан, Ресей Федерациясы, Армения, Белорусь, Қырғызстан, Германия, Корея, Тәжікістан және Польша мемлекеттерінің жастары қатысты. Аталмыш шараның басты мақсаты: Достық байланысты нығайту және жастар арасындағы ынтымақтастықты кеңейту, басқа ұлттардың рухани, тарихи, мәдени құндылықтарын құрметтеуге тәрбиелеу болып табылады. «Бірлік- Единство.kz» атты шекаралық ынтымақтастықтың V жастар этномәдени форумының қатысушылары Қазақстанда өздерінің қатарластарын және барлық әлемде бейбітшілікпен ынтымақтастықты сақтауға шақырды. Форум «Бірлік жолы» деген шеруден басталды. Жастар Даңқ обелискіне барып, гүл шоқтарын қойды. «Достық үйінде» форумның пленарлық отырысы болды. Қатысушылар баяндамаларын оқыды, тәжірибе алмасты. Пленарлық отырыс аяқталғаннан кейін қатысушылар «Би өнері», «Музыка», «Көшбасшылық қасиеттерді дамыту», «Жастарды қоғамдық жұмыстарға тарту» деген бөлімдерге бөлінді. Форумның жалғасы Естай атындағы қалалық мәдениет сарайында концертпен жалғасты.

0
0
372

Осы тақырып бойынша

«Бірлік- Единство. kz» - Yvision.kz