Орал қалалық сотындағы семинар

2015 жылғы 29 сәуір күні Қазақстан Республикасы Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық сотында «Мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесі» тақырыбынды семинар-кеңес өтті. Шарада Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент консультанты Б.Хайруллин дәріс оқып, дәріс арнайы дайындалған слайдпен сүйемелденді. Сонымен қатар, тақырыптық бейнероликтер көрсетілді.
