Мазмұнға өту
Обложка сообщества Әртүрлi

Елбасы «ҚР Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.


«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрамы туралы» Жарлық Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына  сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары;

Бердібек Машбекұлы Сапарбаев - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары;

Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков - Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі;

Берік Мәжитұлы Имашев - Қазақстан Республикасының Әділет министрі;

Аслан Бәкенұлы Сәрінжіпов - Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова - Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Әсет Өрентайұлы  Исекешев - Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов - Қазақстан Республикасының Қаржы  министрі;

Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы - Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов - Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Ерболат Асқарбекұлы Досаев - Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов - Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Жанар Сейдахметқызы Айтжанова - Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі;

Владимир Сергеевич Школьник - Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

Президенті                                                                                         Н.Назарбаев

 

ҚазАқпарат

http://www.inform.kz/

   
0
0
383

Осы тақырып бойынша

Елбасы «ҚР Үкіметінің құрамы туралы» Жарлыққа қол қойды - Yvision.kz