Көңілді жайдарман кеші

2015 жылдың 29 сәуір күні «Қазақстан КВН Одағы» Республикалық жастар қоғамдық бірлестігі Батыс Қазақстан облыстық филиалы, «Ақжайық КТК (КВН) лигасы» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық Жайдарман чемпионатының Жоғарғы лигасы ¼ финалдық ойыны өткізілді.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агентігінің БҚО департаментінің ұсынысы бойынша және Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері басқармасы арасындағы үстіміздегі жылы келісілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірлескен іс-қимыл жоспарының аясында аталған ойын ережесінің міндеттеріне «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» енгізілді.
Сайысқа облысымыздың бес командасы қатысып, Қазақстан халқының Бірлігі мен Достастығы және түрлі өмірлік жағдайлардағы сыбайлас жемқорлық көріністері туралы қызықты әзілдерімен бөлісті.

