Мазмұнға өту

Жаңа

Астанада мемлекетті дамытудағы әлеуметтік желілердің рөлін талқылады

21 мамыр 2015 жыл Астана Бүгін астаналық Тәуелсіздік Сарайында «Тұрақты дамуды қаржыландырудағы инновациялық шешімдер: әлеуметтік желілердің рөлі» тақырыбында халықаралық конференция өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму жөніндегі министрлігі мен БҰҰ Экономикалық және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департаментімен бірігіп ұйымдастырылған мемлекеттік басқару, инфокоммуникациялық технологиялар мен электрондық үкіметті дамыту саласындағы 20-дан аса шетелдік сарапшылар қатысты. Конференцияның спикерлері ретінде ҚР Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешев, ҚР ИДМ Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің төрағасы Сәкен Сәрсенов, БҰҰ ЭӘМД Электрондық үкімет басқармасының басшысы Винченцо Акваро, БҰҰ Экономикалық даму жөніндегі бас хатшысының көмекшісі Л…

0
0
536

« Қалалық, аудандық жастар бастамаларын дамыту орталықтарының жұмыстары жайлы баспасөз мәслихаты»

« Қалалық, аудандық   жастар бастамаларын дамыту орталықтарының жұмыстары жайлы баспасөз мәслихаты»


Қалалық, аудандық   жастар бастамаларын дамыту орталықтарының жұмыстары жайлы баспасөз мәслихаты өтті.

Павлодар облысында  12  жастар бастамаларын дамыту  орталығы жұмыс жасайды. Павлодар қаласының  «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» 2014 жылы 204 іс – шара өткізілді. «Батыр жолы», Республикалық  жас журналистердің  слеті, облыстық «Менің Қазақстаным» патриоттар форумы, Республикалық жастардың көшбасшылық мектебі және Халықаралық «Бірлік-Единство.kz » тақырыбында   ұйымдастырылған  форумдар әр жастың жүрек жадында сақталып қалады. Ал 2015 жыл 2613  кеңестер жүргізілді және  жұмыспен қамту үшін  бос орындар жәрмеңкесі өтті. Ал аудандарда 60  астам іс – шаралар өтіп,  23112  жастар  қатысты.

0
0
371

Қызылордада «Заңсыз келуші – 2015» жедел профилактикалық шарасының 1 күнінде 279 заң бұзушылық дерегі анықталды

Ағымдағы жылдың мамыр айының 18 мен 22 аралығында Қызылорда облысы аумағында «Заңсыз келуші-2015» жедел профилактикалық іс-шарасының бірінші кезеңі өткізілуде. Аталған іс-шараның мақсаты – ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің аумағында үшінші елдер азаматтарының заңсыз көші-қонына және адам саудасына қарсы іс-қимыл жасау болып табылады. Аталған іс-шара бойынша Қызылорда ОІІД-нің күші мен құралдары жұмылдырылып, іс-шараның 1 күнінде 279 заң бұзушылық фактісі анықталды. Нәтижесінде Қазақстан Республикасында болу ережелерін бұзған 274 азаматқа, оның ішінде ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы 1-бөлігі бойынша қоғамдық орындарда тиіскені үшін – 4, ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 1,3-бөлігі бойынша шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның ҚР заңнамасында көрсетілген мерзімде ішкі істер о…

0
0
472

«Әлеуметтік патруль»жобасының ашылуы

«Салауатты ұлт» қоғамдық қоры және жастар саясаты жөніндегі басқармасының ұйымдастырылған «Әлеуметтік  патруль»жобасын  20 мамырда  жастар бастамаларын дамыту орталығында  ашты.

Бұл жобада 4 отряд құрылды. Бұл жобаның маңыздығылы шаһардың әсем  қалпын сақтауына көмектеседі. Көшедегі жазбалардың сауатты жазылуы, қаланың таза  күйін сақтауы үшін  жұмыс атқарады.

0
0
391

Қазақ тілі — ол қазақтың қарым қатынас және іс қағаз айналым тілі

Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар. Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды – қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейкестілігі арта түсті. Ұлттық тіл – әр халықтың өзіне тән ой – санасының парасатты бүкіл болмыс – тіршілігі мен сезім – түйсігін ұрпақтан – ұрпақ…

0
0
2149

Пәтерден шығару соттары басталды

Махаббаттықтары пәтерден шығару туралы соттар қайта басталды. 20 мамыр күні сағат 17.30-да "Махаббат" тұрғын кешіндегі төрт арендаторға байланысты сот өтті деген хабарды кешке алдық. Біздің ақпаратымыз бойынша, Гүлзира Абдрахманова, Сәдуақасова Марһабат және Ақмарал Уалиеваларға қатысты соттар болды. 21 мамыр күні сағат 16.30-да тағы екі отбасыны пәтерден шығару туралы сот өтпекші. Журналист қауымды шақырамыз! 87074341911 Махаббаттықтары пәтерден шығару туралы соттар қайта басталды. 20 мамыр күні сағат 17.30-да "Махаббат" тұрғын кешіндегі төрт арендаторға байланысты сот өтті деген хабарды кешке алдық. Біздің ақпаратымыз бойынша, Гүлзира Абдрахманова, Сәдуақасова Марһабат және Ақмарал Уалиеваларға қатысты соттар болды. 21 мамыр күні сағат 16.30-да тағы екі отбасыны пәтерден шығару туралы с…

0
0
500

«Таза сессия» акциясы аясында М.Өтемісов ат.БҚМУ оқытушылар құрамымен

2015 жылдың 19 мамыр күні өткізіліп жатырған «Таза сессия» акциясы аясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика және құқық факультеті оқытушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Департаменттің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактика басқармасының басшысы А.Жұбаныш және консультанты Е.Төлепқалиев қатысып, 2015-2015 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы және ҚР қылмыстық және әкімшілік кодекстарына енгізілген өзгерістер туралы дәріс оқыды.

Дөңгелек үстел өту кезінде оқытушылар өз ойларындағы сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.

0
0
620

Ақмола облысында «Адал жол – Честный путь» облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы марафоны өз бастауын алды

А.ж. 19 мамырында Көкшетау қаласында облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Адал жол – Честный путь» марафоны (әрі қарай - Марафон) өз бастауын алды, ол туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаментімен ұйымдастырылған брифингте айтылды. Іс-шараның спикері – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша Департаменті басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңестің Төрағасы Қ. Жапақов Марафонның басты мақсаты Ақмола облысы тұрғындарының сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады деп атап өтті. «Марафон барысында Көкшетау, Степногорск және облыстың 17 аудандарында ұйымдастырылып өткізілетін іс – шаралар сыбайлас жемқорлыққа қарсы «нөл…

0
0
361

Жоғарғы оқу орындарының бітірушілерімен кездесу

А.ж. 15 мамырында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақмола облысы бойынша департаментімен (бұдан әрі-Департамент) А.Мырзахметов атындағы университетінің базасында студент жастармен кездесу өткізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты – талантты жастарды мемлекеттік қызметке тарту. Кездесуге Департаменттің, облыс әкімі аппаратының, Көкшетау қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері, оқытушылар құрамы мен студенттер, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар қатысты. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру - мемлекеттің тұрақты дамуының маңызды шарты» тақырыбына Департаменттің мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Е.Жайықбаев баяндама жасады. Облыстың жергілікті атқарушы органд…

0
0
174

Ақмола облысының Атбасар қаласындағы өртке қарсы бөлімде ауданаралық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді

А.ж. 12 мамырында Атбасар ауданындағы төтенше жағдайлар және өртке қарсы қызметі бөлімдерінің жеке құрамымен Атбасар ауданаралық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы А. Қажкеновтың қатысуымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша семинар-кеңес өткізілді.
Семинар-кеңестің басты мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының негізгі бағыттарын түсіндіру болды. Іс-шара барысында қазіргі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалар саласындағы мәселелер талқыланып, жемқорлықтың алдын алуға, тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылыққа «мүлдем төзбеушілік» ұстанымын қалыптастыруға бағытталған маселелер қарастырылды.

0
0
412