Қазақ тілі — ол қазақтың қарым қатынас және іс қағаз айналым тілі
Ел тәуелсіздігін тіл тәуелсіздігімен астастыра қарап, туған тілдің тұғырын биіктету қамы қолға алынғалы да біраз уақыт болып қалды. «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатының тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы Заң» сияқты стратегиялық маңызы бар құжаттардың дүниеге келуі осы бағытта жасалған оң қадамдар. Тіл қарым-қатынас құралы. Адамның ой-өрісін, мәдени дәрежесін, ақыл-парасатын, рухани байлығын көрсететін айна. Тіл мәдениетінің өзектілігі әрқашан ескеріліп, қай халық болса да бұл мәселені айналып өткен емес. «Өнер алды – қызыл тіл» деп қазақ халқы да сөйлеу шеберлігіне үлкен мән берген. Қазіргі таңда тіл мәдениетінің көкейкестілігі арта түсті. Ұлттық тіл – әр халықтың өзіне тән ой – санасының парасатты бүкіл болмыс – тіршілігі мен сезім – түйсігін ұрпақтан – ұрпаққа жеткізетін күретамыр. Қазіргі уақытта азақ тілі – Қазақстанның мемлекеттік тілі. Біріншіден қазақ халқының салт – дәстүрі мен тұрмысын, әдет – ғұрпын, мәдениетін, тарихын білуге жол ашады, екіншіден көпұлтты халықтың қарым – қатынасындағы өндірістік әрі тұрмыстық қажеттілікті іске асыруға, халықтардың достық қарым – қатынасын күшейтудің құралына айналды. «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» деп Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай, мемлекеттік тілдің біздің өмірімізде алатын орны мен байытудың баға жетпес құндылығын Алматы облысы кітапханалары тілдің қолдану аясын кеңейту мен дамыту мақсатында туған тіліміздің мерейін тасытып, мәртебесін асырып келеді. Асылы, тілді адамдар арасындағы қатынас құрал деп түсіну жеткіліксіз. Өйткені, тілдің артында бүтіндей бір ұлт тұр. Яғни, тіл – қай халықтың болмасын баға жетпес мұрасы, байлығы. «Өткірдің жүзі, кестенің бізі, өрнегін сендей сала алмас...» деп ұлы Абай атамыз тәнті болып, тағзым етіп кеткен ана тілімізді сақтау, құрметтеу, ардақтау, - міндетіміз, парызымыз. Жуырда халықтың талқылауға ұсынылған Тіл бағдарламасының жобасы – бүгінгі тілдің мәртебесін арттыруға қызмет жасайтын маңызды құжат екендігіне дау жоқ.Қазақстан Республикасы президентінің «Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасында»: «Тілді дамыту – Қазақстан Республикасы мемлекеті саясатының аса өзекті бағыттарының бірі», сондай-ақ «Мемлекеттік тілді оқытудың саны мен сапасына көңіл бөлу керек» делінген. Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Қазақстанның болашағы қазақ тілінде» – деп тұжырымдайды.Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қазақ тілінде кеңес беру.Реттеу залының инспекторлары бланкілерді қазақ тілінде шығару. «Мемлекеттік қызмет көрсету» стандартарын стентері қазақ тілде болсын.
ТАРАЗ ҚАЛАЛЫҚ МАМАНДАНДЫРЫЛҒАН ХҚКО
УЛАМАКАДИРОВ А, ЖОРАБЕКОВ Н
