Биыл ИЫҰ мемлекеттерінің азық-түлік қауіпсіздігі қорының кеңсесі өз жұмысын бастайды – Асылжан Мамытбеков
АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі қорының кеңсесі өз жұмысын бастайды. Бұл туралы бүгін Астана экономикалық форумында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков мәлім етті. Қазақстан ИЫҰ мүше-мемлекеттерінің азық-түлік қауіпсіздігі қорын құру бастамасын көтергенін, бұл бастамаға бірқатар елдер қол қойғанын еске салып өткен министр, «биыл Астанада бұл қордың кеңсесінің жұмысы басталады деп күтілуде. Оның негізі азық-түліктің өңірлік қорларын құруға арналған. Бұл өз кезегінде өнімді тұтынатын және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығаратын мемлекеттер үшін де тиімді», – деді А. Мамытбеков. «Қазақстан ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын арттыра түсуге мүдделі. Бұл тұрғыда еліміз өзінің өнімін тұрақты түрде өткізу бағыттарын кеңейтуге тырысуда. Ала…


