«Таза сессия» акциясы аясында М.Өтемісов ат.БҚМУ оқытушылар құрамымен

2015 жылдың 19 мамыр күні өткізіліп жатырған «Таза сессия» акциясы аясында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің экономика және құқық факультеті оқытушыларымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге Департаменттің Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактика басқармасының басшысы А.Жұбаныш және консультанты Е.Төлепқалиев қатысып, 2015-2015 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясы және ҚР қылмыстық және әкімшілік кодекстарына енгізілген өзгерістер туралы дәріс оқыды.
Дөңгелек үстел өту кезінде оқытушылар өз ойларындағы сұрақтарын қойып, оларға толық жауап алды.
