Мазмұнға өту

Жаңа

Котто-Гил жекпе-жегінің жеңімпазына WBC-дің нағыз чемпионы кім екенін танытқым келеді — Головкин

WBA (Super), IBO және WBС (Interim) тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 33 жастағы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин пуэрторикандық Мигель Котто мен Австралия спортшысы Дэниэл Гилдің арасындағы жекпе-жектің жеңімпазымен жұдырықтасу өзі үшін өте маңызды екенін айтты, деп хабарлайды Аllboxing.ru. «Котто-Гил жекпе-жегін көргім келеді. Бұл айқастың жеңімпазымен шаршы алаңда кездесу мүмкіндігін күтемін, оған WBC-дің орта салмақтағы нағыз чемпионы кім екенін танытқым келеді. Бұл жекпе-жек мен үшін өте маңызды», — деген Головкиннің сөздерін келтіреді Fighthype. Естеріңізге сала кетейік, 6 маусым күні Нью-Йорк қаласында WBC тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, 34 жастағы Котто өз атағын қорғау мақсатында әлемнің орта салмақтағы бұрынғы чемпионы, 34 жастағы Гилмен рин…

0
0
211

Неге мұңым, көңілімді босатады? «Кеттің басқаға»

Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы

Әуен авторы – Эдгар Туниянц «О печали»

Бейнематериал авторы - Алмаз Шаадаев

Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы

     

Неге мұңым, көңілімді босатады?

Өкінішке толтырып, бар ойымды.

Неге, неге тағдырым жылатады?

Басып алды бір үрей, мынау бойымды.

 

Түсінсемде, келмейді-ау, бір түсінгім,

Қараңғыға толғандай, бар күндерім.

Келмейді-ау, естісемде, бір сенгім,

Сағыныштан қалды ғой, тек сүлдерім.

 

Маған емес, өзгеге аштың құшақ,

Құшағыңда басқаны, аймаладың.

Өзегімді барады-ау, осы өртеп,

Неге үнсіз сен кеттің, айта алмадың?

2
1
694

«Мейірімді жүрекпен» әрбір балаға...

Маусымның 1 жұлдызында Балаларды қорғау күнінің барысында Петропавл қаласының "Жас Отан" жастар қанатының белсенді мүшелері "Мейірімді жүрекпен" акциясын өткізіп, есту қабілеті нашар балаларға арналған мектеп-интернатына барып қайтты. Бұл іс-шараның мақсаты - балаларды олардың мерекесімен құттықтап, оларға ізгілікті көмек көрсету болған болатын. Айтылған мақсатқа жету үшін жыл бойы "Кеңес Орталығында" тұрмысы төмен отбасылар мен балалар үшін киім-кешектер мен ойыншықтар қабылдау жүргізілді. Нәтижесінде іс-шараға қатысушылар заттарды жинап, оларды мектеп-интернатының оқушыларына табыс етті. Біз балаларды олардың ең басты мерекесімен құттықтап, шын жүректен өзіміздің ізгі ниеттерімізді білдірдік. Балалардың жүзіндегі күлкі олардың шаттығы мен қуанышының басты белгісі болды. Олардың көтеріңк…

0
0
718

Жоғарғы Сот төлем терминалдарын пайдалану жұмыстарының алғашқы қорытындысын шығарды

2014 жылдан бастап Жоғарғы Сот  аппараты «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-мен бірлесе отырып, мемлекеттік бажды және әкімшілік айыппұлдарды төлеу үшін Астана қаласындағы сот ғимараттарында төлем терминалдарын орнату бойынша пилоттық жобаны іске асырды. Барлығы 34 жергілікті соттарда терминалдар орнатылды.

http://sud.gov.kz/kaz/news/zhogargy-sot-tolem-terminaldaryn-paydalanu-zhumystarynyn-algashky-korytyndysyn-shygardy

0
0
366

«Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршаның ісі» акциясы өткізді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және жемқорлыққа қарсы сауаттандыру мақсатында ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің БҚО бойынша департаменті «№1 жолаушылар автокөлігі кәсіпорны» ЖШС мен «УралТехСервис» ЖШС-лер бірігіп маусым айынын басында Батыс Қазақстан облысының тұрғындары үшін «Сыбайлас жемқорлықпен күрес баршаның ісі» акциясы өткізді.

Акция барысында Департамент қызметкерлері «Жас Отан» жастар қанатының еріктілерімен бірге Орал қаласындағы маршруттық автобустарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаднамаларды орналастырды.

 

0
0
566

Астанада «ESOR Astana Tutorial 2015» ІІ Радиологтардың еуропалық мектебі өз жұмысын бастады

2015 жылғы 1-12 маусым аралығында Радиологтардың еуропалық қоғамының бастамасымен «ESOR Astana Tutorial 2015» ІІ Радиологтардың еуропалық мектебі ұйымдастырылады. Радиологтардың еуропалық мектебінің мақсаты - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстанның жас радиолог мамандарын радиологиялық диагностиканың халықаралық стандарттарымен жұмыс істеуге үйрету. Екі апта ішінде «ESOR Astana Tutorial 2015» қатысушылары Италия, Грекия, Бельгия, Ресей және Қазақстанның радиология саласының белгілі мамандарының дәрістерін тыңдайды. Дәріскерлердің ішінде Радиологтардың еуропалық қоғамының экс-президенті, профессор Lorenzo Bonomo, Радиологтардың еуропалық мектебінің директоры, профессор Nicholas Gourtsoyiannis және т.б. бар. Ғылыми-техникалық үрдісі барынша жоғары деңгейдегі елдерде…

0
0
334

Біржан Нұрымбетов ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі болып тағайындалды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 1 маусымдағы № 394  қаулысымен Нұрымбетов Біржан Бидайбекұлы ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №22-ЖК бұйрығына сәйкес бұған дейін ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Вице-министрі қызметін атқарған Арғындықов Дәулет Рашидұлы «Жұмыспен қамту мәселесі жөніндегі ақпараттық-талдау орталығы» АҚ Президенті болып тағайындалды.

0
0
448

Қазақстанда өткір ішек инфекцияларының профилактикасы бойынша онкүндік басталды

Ағымдағы жылғы 1-10 маусым аралығында ҚР ДСӘДМ Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық орталығының ұйымдастыруымен өткір ішек инфекцияларының профилактикасы бойынша онкүндік өтеді. Аталған іс-шара мақсаты - өткір ішек инфекциясының таралу жолдары, инфекция жұғуының алдын алу жөніндегі шаралар, жеке және қоғамдық гигиенаны сақтау, балалар мен жасөспірімдерді жеке гигиенаны сақтауға дағдыландыру, тұрғындардың, жұмыс берушілердің, жұмыскерлердің және ата-аналардың денсаулық сақтау және нығайтуда жауапкершілігін арттыру жөнінде халықтың ақпараттылық деңгейін арттыру. Онкүндік аясында еліміздің барлық өңірлерінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарында өткір ішек инфекцияларының алдын алу жөнінде терапевтердің, жалпы тәжірибе дәрігерлерінің, педиатрлар кеңес беретін ашық есік күнд…

0
0
351