Мазмұнға өту

Жаңа

«Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналары маусым айында бірқатар тартымды спорттық іс-шараларды тікелей эфирден көрсетеді

«Қазақстан» және «Қазспорт» телеарналары маусым айында бірқатар тартымды спорттық шараларды тікелей эфирден көрсететін болады. Атап айтқанда, 12 маусым күні Алматы қаласының Орталық стадионында EURO-2016 іріктеу матчына Қазақстан мен Түркияның Ұлттық құрамалары арасында кездесу өтеді. Бұл Қазақстан мен Түркияның осымен алтыншы кездесуі. «Қазақстан» телеарнасы осы ойынды тікелей эфирден көрсетеді. Трансляцияның басталу уақыты - 21.40. 6 маусым күні Оңтүстік Африка Республикасының Кемптон Парк қаласында IBO тұжырымдамасы бойынша кәсіпқой бокстан орташа ауыр салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атағы үшін оңтүстікафрикалық Томас Устуизен мен жаңазеландиялық Роберт Берридж арасындағы жекпе-жек өтеді. Аталмыш бокс кешінің аясында шаршы алаңға шығатын былғары қолғап шеберлері арасында 21 жасар қаза…

0
0
302

Бас Прокурордың азаматтарды қабылдағандығы туралы ақпарат

Бас Прокурор Асхат Дауылбаев кезекті рет азаматтарды қабылдады. Бұл жолы арызданушылардың берген өтініштері азаматтық істер бойынша сот актілеріне, сондай-ақ уәкілетті органдардың қылмыстық процестің сотқа дейінгі кезеңінде шығарған шешімдеріне қатысты болды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/bas-prokurordyn-azamattardy-kabyldagandygy-turaly-akparat

0
0
254

Экстрадиция туралы ақпарат

Республикамыздың аумағында қылмыс жасаған Қазақстанның үш азаматы Игорь Сычев, Дарья Флорис, Кристина Вебер және Түрік Республикасының азаматы Неби Байрамды қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Қазақстанға ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының өтінішін Беларусь Республиасының Бас прокуратурасы қанағаттандырды.

http://prokuror.gov.kz/kaz/baspasoz/akparaty/ekstradiciya-turaly-akparat

0
0
775

Абылай ханның бас батыры – Шанышқылы!

Қазақ хандығының 550 жылдық мерейлі мерекесіне орай Ақмола облысы Еңбекшілдер ауданының Сәуле ауылында мерекелік іс шара өтті. Бұл шара Жоңғар шапқыншылығы, одан кейінгі замандарда елін, жерін қорғаған Абылай ханның бас батырларының бірі Шанышқылы Бердіқожа батыр және оның серіктерінің жорық жолдары тақырыбында өтті. Шараға Бердіқожа батырдың өмірін, жорық жолдарын зерттеп «Шанышқылы Бердіқожа батыр» атты кітап жазған батырдың тікелей ұрпағы академик Б. Қасымбеков, академик С. Негимов, шанышқылға жиені Көшетаулық Мұрат қажы Ыдырысұлы, Сәуле ауылында тұратын Шанышқылы ұрпақтары және ауыл тұрғындары қатысты. Ұлы жүздің он ру өз ара туыс болып келсе , соның бірі Қаңлы мен Шанышқылы. Тарихта Қаңлы мен Шанышқылы қосарлана айтылып, жазылып жүргенін көптеп кездестіреміз. Осы екі ру көнеден бері…

0
0
1258

ҰБТ-ң форматын өткізетін кез жетті.

Сонымен, кеше бүкіл еліміз бойынша алғашқы түлектер ҰБТ өткізу пункттерінде өз бақтарын сынады. БАҚ таратқан ақпараттарға көз жүгіртсек, көп жерлерде жыл сайын орын алып жататын заң бұзушылықтар биыл да бой көрсеткен. Жалпы, осы ҰБТ тапсыру кезіндегі «бармақ басты, көз қысты» әрекеттер мен басқа да келеңсіздіктер, бұқараның мемлекеттік билікке деген сенімін жоғалтып қана қоймайды. Кейінгі жылдары мектеп бітіретін шәкірттердің көңілдеріне әлдебір бұлыңғырлау «үміт» оятып, сабаққа деген ынтасына жояды. Ия, ҰБТ-ң кемшілігі жетерлік! Бірақ, әзірге білім бағалаудың бұдан басқа әділ жолы табылмай тұр! Оның үстіне ҰБТ-ң қолданыстағы форматы еліміздің білім саласына енгізіліп жатқан жаңа бағдарламамен ("Кембридж технологиясы") қабыса бермейді. Ол жағын да ескеріп қою керек! Естеріңізде болса, жаң…

0
0
434

Махаббаттықтарды алдаған алаяқтар сотталуда

5 маусым күні сағат 15.00-де «Махаббат» тұрғын кешенінің тұрғындарын алдаған алаяқтар соты өтеді. Сот отырысы Астана қаласының Жеңіс даңғылындағы Сарыарқа аудандық сотының 3-інші залында өтеді.

 

Судья Төрегелді журналистердің қатысуына қарсы емес, алайда сотталушыны бейнеге түсуруге тиым салды және сот отырысының бес минуттық басталуын ғана түсіруге рұқсат берді.

 

Судья Төрегелді сонымен бірге махаббаттықтарды пәтерден шығарғысы келетін «Агрофирма КазЭкспортАстық» ЖШС және «КазАгроХолдинг» ШЖС басшылары Кенжебаев пен Аришев шақырды.

 

Махаббаттықтар журналистерді күтеді.

0
0
460

Мадридтің «Реал» клубына жаңа бапкер тағайындалды

Рафаэль Бенитес Мадридтің «Реал» футбол клубының жаңа бас бапкері болып тағайындалды. AS-тің хабарлауынша, корольдік клуб пен испандық жаттықтырушының келісімшарт мерзімі 3 жылды құрайды. Р. Бенитестің жалақысы жылына 4 миллион еуро болмақ. Рафаэль Бенитесті «Реалдың» бас бапкері ретінде ресми таныстыру рәсімі ертең, 3 маусым күні өтеді деп хабарлануда. Естеріңізге сала кетейік, биылғы маусымда мадридтік «Реал» бірде-бір кубокке қол жеткізе алмаған соң, итальяндық Карло Анчелоттиді отставкаға жіберген еді. Испания чемпионатында команда екінші орын алса, Чемпиондар лигасында жартылай финалда сүрінді. Сондай-ақ ел кубогында да корольдік клуб алысқа бара алмады. Рафаэль Бенитес соңғы екі жыл бойы Италияда «Наполи» клубын жаттықтырған болатын. Бұған дейін ол «Валенсиямен» екі мәрте Испания че…

0
0
162

Илья Ильин мен Денис Тен «ҚХА-ына 20 жыл» медалімен марапатталды

Олимпиада ойындарының екi дүркiн чемпионы Илья Ильин мен Сочи Олимпиадасының қола жүлдегерi Денис Тен «Қазақстан халқы Ассамблеясына — 20 жыл» медалiмен марапатталды. Бұл туралы бүгiн ҚР Мәдениет және спорт министрлiгiнде Рио-де-Жанейрода 2016 жылы өтетiн XXXI Жазғы Олимпиадаға дайындық барысы талқыланған жиында мәлiм болды. Қазақстан Президентiнiң Жарлығына сәйкес, қоғамдық келiсiмге қосқан үлестерi үшiн «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» медалi Илья Ильин, Денис Тен, шорт-тректен ұлттық құрама бапкерi Мадығали Қарсыбеков, ауыр атлетикадан әлем чемпионы Жасұлан Қыдырбаев, ҚР бокс бапкерi Александр Стрельников пен еркiн күрестен Қазақстанның спорт шеберi Ислам Байрамұқовқа табыс етiлдi. Наградаларды ҚР Мәдениет және спорт вице-министрi Сәкен Мұсайбеков табыстады. Рәсiмге Денис Тен, Ил…

1
0
261

Қызылордада жағажай футболынан балалар турнирі тартысты өтті

Қызылорда қаласында жағажай футболынан «ҚазТрансГаз аймақ» компаниясының жүлдесі үшін ашық турнир өтті, деп хабарлады облыстық футбол федерациясының баспасөз қызметінен. Естеріңізге сала кетейік, Сыр елінде жағажай футболының аренасы өткен жылы салынған болатын. Құрылысты «Мелиоратор» жауапкершілік серіктестігі мойнына алып, 2014 жылдың 1 маусымында облыс әкімінің орынбасары Нұржан Әлібаевтың қатысуымен ашылуы өтті. Содан бері «Сыр самалы» жағажайында орналасқан аталмыш алаң қала тұрғындарының кешкі демалыс орнына айналды. Сонымен, облыстық футбол федерациясының ұйымдастыруымен өткен жағажай футболы турниріне 2003-2004 жылы туылған ұлдар және қыздар командалары қатысты. Әлбетте, кәнігі футбол мен жағажай футболының айырмашылығы жер мен көктей. Балғын балалар қиыршық құмда асыр салып, мәз-…

0
0
421